Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын, нұрға толы,Күн шуағы күлімдеп тұрса болды.Жүрегімде үміттің оты жансын,Жақсылықтан жаралған барша жолы. Мен өмірді қалаймын, таза, анық,Жүрегімде болсын тек ізгі жарық.Адалдық пен еңбектің күшін сүйіп,Жетсем деймін арманға қанат қақтық. Мен өмірді қалаймын, шаттықты,Күлкі толы достармен тәтті сәтті.Бақыт деген қарапайым бір сезім ғой,Сол сезімді сақтаймын мәңгі-жақты. Мен өмірді қалаймын, еркіндікті,Арман қуған, биікке өрлілікті.Таза өмір – мен үшін ең үлкен сый,Есірткісіз ғұмырдың көркін біліпті. Мен өмірді қалаймын – бейбіт елде,Бақыт гүлдеп, ән шалқып, кең төрімде.Бірлігім мен достығым мәңгі жасап,Шуағымды төгейін мен де жерге. Мен өмірді қалаймын, сенімменен,Жақсылыққа ұмтылған көңілімменен.Туған…

Read More

Есірткісіз  өмір  ғажайып!

Қазіргі қоғамның ең өзекті және қауіпті дерті – есірткіге тәуелділік. Бұл тек жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл ұлттың болашағына балта шабатын кесел. Есірткі – адамның өмірін, оның жарқын армандарын, болашағын қолды қылатын, жойқын күшке ие улы зат. Сондықтан да әрбір азамат, әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ, оның залалын терең түсініп, есірткісіз өмірдің шынайы ғажайып екенін сезінуі тиіс. Есірткі аз уақытқа алдамшы ләззат сыйлағанымен, оның соңы – қайғы-қасірет пен опыққа апарар даңғыл жол. Денсаулықтың күрт төмендеуі, ауыр психологиялық күйзеліс, отбасы мен достардың ортасынан оқшаулану – міне, бұл нашақорлықтың ащы және…

Read More

Таңдау сенде: Like өмірге, Block есірткіге

Құрметті достар!Біз – білімге құштар, арманы биік ұрпақпыз. Қазір бәрі мүмкін: ғылым, технология, спорт, өнер – бәрі де ашық. Бірақ өмірімізге қауіп төндіретін бір жамандық бар – ол есірткі.Есірткі – достықты бұзады, денсаулықты әлсіретеді, ақылды тұмшалайды. Ол тек денені емес, болашақты да улайды. Біз ондай жолға бармауымыз керек. Себебі:«Есірткі – у,Таңдау – өзіңде тұр.Таза өмір сүр,Болашағың – нұр!»Бос уақытты пайдалы іспен өткіз, жақсы достар тап, спортпен шұғылдан, музыкамен айналыс. Біздің өміріміз – баға жетпес қазына.Есіңде болсын:«Бір тамшы у – бүкіл өмірді жалмайды!»Сондықтан: Есірткіге – ЖОҚ!Өмірге, арманға, болашаққа – ИӘ! Айболқызы…

Read More

Мен өмірді қалаймын!

Гаджет, ғарыш, робот бар,Болашаққа жол ашар.Есірткімен жол қысқа,Қиялыңды сол басар! Спорт, би мен ән керек,Жаман жолмен шегін тек.Есірткіге ерген жан,Өкінеді өмірлеп. TikTok-та емес сән болар,Ақыл, білім жан қонар.Есірткіге жоқ дейік,Болашаққа үміт бар! Ертеңім үшін еңбек етем ,Таза жолмен өрге өтем .Есірткіге ерік бермей,Армандарға серік етем! Айболқызы КүнайымҚармақшы ауданыТ.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі6 сынып оқушысы

Read More

Мен өмірді қалаймын!

Бекмұратов РамазанҚармақшы ауданы, Төретам кенті Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Өзекті де мәселе бұл ғаламдық,Бүгінгі таң туғызған жай алаңдық,Есті алар ішімдік пен есірткі,Бастауы бұл жамандық. Кесел болды құлаш жайған төске кең,Қалды әдіра талай мұрат көксеген.Тәуелді боп бұғауына көп түсті,Жас ұрпақ сан өскелең. Шарасыз көп тырнағына ілінген,Алдын-алу тиімді жол бүгінгі ең.Себебі: дерт шарлап талай отбасын,Есігінен үңілген. Ой салсын деп жазылған-ды жырым бұл,Үзілмесін деумен жастай ғұмыр гүл.Түбі құрдым бойға сіңсе жат әдет,Болашағың бұлыңғыр. Ұғын жастар түйсігіңмен ішкі анық,Дерт шеңбері бара жатыр қысқарып.Есті алар есірткіден жүргейсің,Бойды аулақ ұстанып. Батпандап кеп бойға сіңіп…

Read More

Сот-биологиялық сараптамада заттай дәлелдемелерді зерттеу

Ғ.Р.Дастанова Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының «Сот Сараптамалары Институты» биолог сарапшысы Сот-биологиялық сараптама (СБС)  – биологиялық объектілерді зерттеу арқылы істің мән-жайын анықтауда маңызды рөл атқаратын криминалистикалық ғылым саласы.Сот-биологиялық сараптама—  биологиялық объектілерді (адам, жануар немесе өсімдік текті) зерттеу арқылы қылмыстық немесе азаматтық істің мән-жайын анықтауға бағытталған сот сараптамасының түрі.Негізгі міндеттері: Биологиялық сипаттағы заттай дәлелдемелерге мыналар жатады:   Зерттеу кезеңдері     Дайындық кезеңі      Макроскопиялық зерттеу       Микроскопиялық зерттеу     Химиялық және иммунологиялық зерттеу    Молекулалық-генетикалық зерттеу (ДНҚ-анализ)   Нәтижелерді рәсімдеу Нәтижелер сарапшының қорытындысы түрінде рәсімделеді және ол мынадай бөлімдерден тұрады: Сараптама нәтижелерінің маңызы Сот-биологиялық…

Read More

Сот отырыстарында аудио-бейне жазбаның қолданылуы

А.ӘуелбекҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Қазіргі таңда сот жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу – әділдік пен ашықтықты қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Соның айқын дәлелі – сот отырыстарында аудио және бейне жазбаның міндетті түрде қолданылуы. Аудио-бейне жазба – сот процесінің барысын толық тіркейтін техникалық құрал. Ол сотта айтылған әрбір сөздің, берілген түсініктемелер мен дәлелдердің нақты жазбасын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл шара сот ісін жүргізудің ашықтығын, айқындығын және объективтілігін арттырады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік және Азаматтық-процестік кодекстеріне сәйкес, сот отырыстары аудио немесе бейне жазу арқылы тіркелуі…

Read More

Сотқа құрметтемеушілік үшін әкімшілік жаза көзделген

Н.ИбраевҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының аға сот приставы Сот төрелігін жүзеге асыру барысында соттың абыройы мен беделін сақтау — әрбір азаматтың құқықтық міндеті. Сондықтан сотқа құрметтемеушілік әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабына сәйкес, сот процесі кезінде судьяның заңды талабына бағынбау, сот тәртібін бұзу, сотты немесе сот процесіне қатысушыларды қорлау секілді әрекеттер үшін айыппұл салу немесе әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза қолданылады. Бұл норма сот отырыстарында тәртіп пен әдептілікті сақтау, сондай-ақ сот билігінің беделін қорғау мақсатында енгізілген. Сотқа құрмет көрсетпеу…

Read More

Даңғайыр жыраулар домбырасының құлағын келтіретін Сәулегүл кім еді?

Біз мезетте жүз жүйрік шыққан Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылында қазірдің өзінде жыршы жыраудан бөлек адуынды ақыны мен, сөз ұстанған тілмарларлар ну қамыстай сыңсып жүр. Кез келгенімен танысып сөйлесе кетсеңіз әңгімесіне ұйып, таңдай қағып, тамсанып отырып қанша уақытыңды өткізгеніңді білмей қаласың. Солардың бірі уақытында талай атақты жыраулардың дауысын таспаға түсіріп, көнеліктен сөз жинаған шежіреші Айтжан ақсақалдың баласы Календаров Ідіріс. Сөз көмбесі атанған сүлейлердің сынығы жайлы сыртынан естіп жүруші ем, күні кеше іздеп барып сұхбаттасудың реті келді. Қонақжай Ідекең төріне патша қылмайынша шаруамызға көше қойған жоқ. Жайланып отырған соң ернеуін бұзып аққан…

Read More