Ержанов Бахытбек Сүлейменұлы
Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институтының бас сарапшысы
Сот-сараптамасы – шешілуі үшін маңызы бар нақты деректерді анықтау мақсатында арнайы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық істің әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын зерттеу болып табылады.
Бүгінгі таңда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының филиалы Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары Институты облыс көлемінде сот сарапшылық қызмет көрсетуде.
Институт сарапшылары қызмет бабында Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі — АІЖК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі — ӘҚБтК), «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі — Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасын ұйымдастыру мен жүргізуді реттейтін басқа да актілерінің нормаларын басшылыққа алады.
Суық қару – бұл құрылымы бойынша арнайы дайындалған, адамның бұлшық ет күшін қолдану арқылы адамға немесе қандайда бір нысанаға, қарсыласына шабуылдау немесе белсенді қорғану мақсатына арналған және тікелей өндірістік немесе тұрмыстық шаруашылыққа қажеттілігі жоқ, белгілі бір арақашықтықта дене зақымын келтіруге арналған қару.
Қандайда бір қылмыстарға қатысы бар, мысалға тәркіленіп алынған суық қарулар қатарына жататын айғақты заттар, егер адам өлтірудің немесе дене жаракаттарын түсірудің қаруы болса, сонымен катар қорқыту құралы болып табылса және де суық қаруды жасауға, алып жүруге, сатуға байланысты қылмыс белгілері болса, ол айғақты заттар (суық қарулар) — сот трасологиялық зерттеудің объектілері бола табылады.
Осы орайда, сот сарапшылық трасологиялық зерттеулер жүргізу барысында суық қару болып табылатындығын және қарудың қандай түріне жататындығын анықтау туралы сұрақтарды шешуге тура келеді.
Сот сарапшылық зерттеу дегеніміз суық қарудың материалдық бөлігін қарау, оның құрылымын, кұрылысы мен мөлшерлерін өлшеуден басталады. Осы жерде бөліктерінің ерекшеліктеріне, қандай мақсатқа арналғандығына, жүзінің сабына бекітілу әдісіне, қару бөліктерінің қандай материалдан жасалғанына, зауыттық немесе қолдан жасау тәсілдерінің сипаттамаларына, беріктігіне, қолда ұстау ыңғайлығына, соқы беру мүмкіндігіне, жүзінің түріне және ұшының қайралу тәсіліне, қайралу деңгейінің өткірлігіне, зерттеліп отырған қару түрінің қандай да бір белгілері бойынша бір үлгілермен сәйкестігіне, ұқсастығына аса мән беріліп зерттеулер жүргізу.
Алынған затты әрі карай суық қарудың белгілі бір түріне жатқызу арнайы анықтамалық әдебиеттермен мен құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Объект суық қару болып табыла ма және суық қарудың қай түріне жатады деген сұрақты шешу үшін сот трасологиялық сараптама тағайындалады. Сот трасологиялық сараптамасын тағайындау барысында, сарапшы зерттеуге жіберілген айғақты заттарды (қаруды) жан-жақты, толық және объективті зерттеулер жүргізіп, белгілі бір тұжырым жасап сарапшы қорытындысын береді.
