Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2024 жылдың 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктері көрсетілген. Онда, кәсібилендіру талант-менеджмент, кадрларды тиімді іріктеу, кәсіби қызметті бағалаумен, оқытумен және әділ еңбекақы төлеу жүйесімен байланысты дағдылар мен білімді жетілдіруге арналған мансаптық ілгерілету сияқты персоналды басқару тәсілдері қамтылған.Осыған орай, 25 сәуір күні «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Қорқыт ата университетінің ұйымдастыруымен «MANSAP NAVIGATOR ІІ» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі…
Read More