Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесімен тең

Күнтуғанова Айнұр СерікболқызыҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы  Қазақ халқы қыз баланың тәрбиесін әрдайым ұлттың мерейі мен мәртебесіне тең қойған. Өйткені қыз – өмірдің анасы, ұрпақтың ұйытқысы, шаңырақтың шырағы. Қыз өссе – елдің көркі өседі, қыз күлсе – отбасының берекесі артады. Сондықтан да «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» деген ғасырлардан бері мәнін жоймай, уақыт өткен сайын өзектілігін тереңдете түсуде.Қазақ қоғамында қыз баланы ардақтау, аялап өсіру – әуелден қалыптасқан салт. Ұлт болашағын ойлаған ата-ана қызын ибалы, инабатты, арлы, ұяң, ісмер етіп тәрбиелеуге тырысқан.«Қызға қырық үйден тыйым», «Қыздың…

Read More

Конституция — мемлекетіміздің құқықтық негізі

Гульсина Амандыққызы СайджаппароваҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Конституция — кез келген мемлекеттегі ең жоғары заңдық күші бар, қоғам мен мемлекеттің құрылымын айқындайтын негізгі құқықтық құжат.Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттіліктің іргесін бекітіп, қоғам өмірінің барлық салаларына бағыт-бағдар беретін басты құқықтық құжат. Ол елдің саяси жүйесін, мемлекеттік құрылымын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындай отырып, заңдылық пен қоғамдық тәртіптің берік негізін қалыптастырады. Сондықтан Конституцияны тек жоғары заңдық күші бар акт ретінде ғана емес, тұрақтылық пен өркениетті дамудың кепілі ретінде қарастыру орынды.Құқықтық мемлекет құру жолында заңдардың жүйелілігі…

Read More

МЕН ӨМІРДІ ҚАЛАЙМЫН

Кожакова Амина КемаладиновнаҚызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының 10 «Б» сынып оқушысы Мен өмірді қалаймын аспанынан күн күлген,Бақыт әні естілер балбұлақтай күлкімнен.Тонның ішкі бауындай ынтымағы жарасқан,Мен өмірді қалаймын бір болатын жұртыммен! Тұғырынан тайдырмай адамдықтың ақ туын,Адам болу – заңдылық, шырқап өмір шаттығын.Жақсылықты жарысып жасап жатқан жалғанда,Өз бақытын бағамдап, жамандықтан тапты кім? Мен өмірді қалаймын бес нәрсеге ғашық боп,Жат қылықтан жиреніп, жамандықтан қашық боп.Жүрекке әжім түсірмес, сәулелі мұң сейілген,Мен өмірді қалаймын асылдарға асық боп! Еңбек, білім – сананы сөндірмейтін құндылық,Түлкібұлаң заманда жасалып жүр мың қылық.Қате басқан…

Read More

Мен өмірді қалаймын!

Қызылорда облысы, Жалағаш кенті№202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы орта мектептің5 «А» сынып оқушысыҚыдырәлі  ҚарақатЖетекшісі: Кеңесбаева Гүлжанат Мен қалаймын тыныш өмір сүруді,Тәрбиелі, тәртіпті болып жүруді.Күн нұрындай мейірім, шуақ шашып,Биіктерді бағындырып  жүруді. Мен өмірді қалаймын биікпенен,Есірткіге қарсымыз достарыммен.Жеңіс туын желбіретіп әрқашан.Мен өмірді қалаймын өр рухпенен! Мен  өмірді  қалаймын  шуақ  басқан,Жүректерге жылулық сыйлап жастан.Армандарым алысқа жетелейді,Жақсылықтың жолына қадам бассам.

Read More

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын, нұрға толы,Күн шуағы күлімдеп тұрса болды.Жүрегімде үміттің оты жансын,Жақсылықтан жаралған барша жолы. Мен өмірді қалаймын, таза, анық,Жүрегімде болсын тек ізгі жарық.Адалдық пен еңбектің күшін сүйіп,Жетсем деймін арманға қанат қақтық. Мен өмірді қалаймын, шаттықты,Күлкі толы достармен тәтті сәтті.Бақыт деген қарапайым бір сезім ғой,Сол сезімді сақтаймын мәңгі-жақты. Мен өмірді қалаймын, еркіндікті,Арман қуған, биікке өрлілікті.Таза өмір – мен үшін ең үлкен сый,Есірткісіз ғұмырдың көркін біліпті. Мен өмірді қалаймын – бейбіт елде,Бақыт гүлдеп, ән шалқып, кең төрімде.Бірлігім мен достығым мәңгі жасап,Шуағымды төгейін мен де жерге. Мен өмірді қалаймын, сенімменен,Жақсылыққа ұмтылған көңілімменен.Туған…

Read More

Есірткісіз  өмір  ғажайып!

Қазіргі қоғамның ең өзекті және қауіпті дерті – есірткіге тәуелділік. Бұл тек жеке тұлғаның ғана емес, бүкіл ұлттың болашағына балта шабатын кесел. Есірткі – адамның өмірін, оның жарқын армандарын, болашағын қолды қылатын, жойқын күшке ие улы зат. Сондықтан да әрбір азамат, әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақ, оның залалын терең түсініп, есірткісіз өмірдің шынайы ғажайып екенін сезінуі тиіс. Есірткі аз уақытқа алдамшы ләззат сыйлағанымен, оның соңы – қайғы-қасірет пен опыққа апарар даңғыл жол. Денсаулықтың күрт төмендеуі, ауыр психологиялық күйзеліс, отбасы мен достардың ортасынан оқшаулану – міне, бұл нашақорлықтың ащы және…

Read More

Таңдау сенде: Like өмірге, Block есірткіге

Құрметті достар!Біз – білімге құштар, арманы биік ұрпақпыз. Қазір бәрі мүмкін: ғылым, технология, спорт, өнер – бәрі де ашық. Бірақ өмірімізге қауіп төндіретін бір жамандық бар – ол есірткі.Есірткі – достықты бұзады, денсаулықты әлсіретеді, ақылды тұмшалайды. Ол тек денені емес, болашақты да улайды. Біз ондай жолға бармауымыз керек. Себебі:«Есірткі – у,Таңдау – өзіңде тұр.Таза өмір сүр,Болашағың – нұр!»Бос уақытты пайдалы іспен өткіз, жақсы достар тап, спортпен шұғылдан, музыкамен айналыс. Біздің өміріміз – баға жетпес қазына.Есіңде болсын:«Бір тамшы у – бүкіл өмірді жалмайды!»Сондықтан: Есірткіге – ЖОҚ!Өмірге, арманға, болашаққа – ИӘ! Айболқызы…

Read More

Мен өмірді қалаймын!

Гаджет, ғарыш, робот бар,Болашаққа жол ашар.Есірткімен жол қысқа,Қиялыңды сол басар! Спорт, би мен ән керек,Жаман жолмен шегін тек.Есірткіге ерген жан,Өкінеді өмірлеп. TikTok-та емес сән болар,Ақыл, білім жан қонар.Есірткіге жоқ дейік,Болашаққа үміт бар! Ертеңім үшін еңбек етем ,Таза жолмен өрге өтем .Есірткіге ерік бермей,Армандарға серік етем! Айболқызы КүнайымҚармақшы ауданыТ.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі6 сынып оқушысы

Read More

Мен өмірді қалаймын!

Бекмұратов РамазанҚармақшы ауданы, Төретам кенті Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Өзекті де мәселе бұл ғаламдық,Бүгінгі таң туғызған жай алаңдық,Есті алар ішімдік пен есірткі,Бастауы бұл жамандық. Кесел болды құлаш жайған төске кең,Қалды әдіра талай мұрат көксеген.Тәуелді боп бұғауына көп түсті,Жас ұрпақ сан өскелең. Шарасыз көп тырнағына ілінген,Алдын-алу тиімді жол бүгінгі ең.Себебі: дерт шарлап талай отбасын,Есігінен үңілген. Ой салсын деп жазылған-ды жырым бұл,Үзілмесін деумен жастай ғұмыр гүл.Түбі құрдым бойға сіңсе жат әдет,Болашағың бұлыңғыр. Ұғын жастар түйсігіңмен ішкі анық,Дерт шеңбері бара жатыр қысқарып.Есті алар есірткіден жүргейсің,Бойды аулақ ұстанып. Батпандап кеп бойға сіңіп…

Read More

Сот-биологиялық сараптамада заттай дәлелдемелерді зерттеу

Ғ.Р.Дастанова Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының «Сот Сараптамалары Институты» биолог сарапшысы Сот-биологиялық сараптама (СБС)  – биологиялық объектілерді зерттеу арқылы істің мән-жайын анықтауда маңызды рөл атқаратын криминалистикалық ғылым саласы.Сот-биологиялық сараптама—  биологиялық объектілерді (адам, жануар немесе өсімдік текті) зерттеу арқылы қылмыстық немесе азаматтық істің мән-жайын анықтауға бағытталған сот сараптамасының түрі.Негізгі міндеттері: Биологиялық сипаттағы заттай дәлелдемелерге мыналар жатады:   Зерттеу кезеңдері     Дайындық кезеңі      Макроскопиялық зерттеу       Микроскопиялық зерттеу     Химиялық және иммунологиялық зерттеу    Молекулалық-генетикалық зерттеу (ДНҚ-анализ)   Нәтижелерді рәсімдеу Нәтижелер сарапшының қорытындысы түрінде рәсімделеді және ол мынадай бөлімдерден тұрады: Сараптама нәтижелерінің маңызы Сот-биологиялық…

Read More