Әр адамның өзіне ғана тиесілі жеке мерекесі болады. Ол, мына жарық дүние есігін ашқан туған күні. Міне, сондай туған күнің бүгінгі иесі, әріптесіміз, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы Күншығарова Алмакүл Жалғасқызы. Осы мәртебелі мерекесін пайдалана отырып Алмакүл Жалғасқызына зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз. Тәңір сізді ақ жүзді абройлы, биік беделді етіп, шаттыққа шалқытып, бақытқа балқытып ұзақ жасатсын демекпіз. Ортаңызда абройлы, қызметті беделді болып, аңсаған арманға, көздеген мақсатқа жетіңіз. Деніңіз сау болып, ұзақ жасаңыз. Жанұяның шаттығын, бақ құтын беріп, жүзіңізден күлкі айырмасын деп тілейміз. Әлемдегі барлық жақсылықты…
Read MoreРубрика: Қызық
СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін ҮЕҰ ресурстық орталығында Қызылорда облысының денешынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Сейлов Жанмұрат Жақсымұратұлы аймағымыздағы азаматтық сектор өкілдерімен кездесіп, олардың маңызды сұрақтарына жауап берді. Кездесуде Жанмұрат Жақсымұратұлы басқарманың негізгі функцияларымен таныстырып, спорт және туризм саласының қазіргі бей-жайы және аталған салаларды дамыту бағытындағы жоспарлары туралы айтып өтті. Аймақ экономикасына ықпалы зор туризм саласында атқарылып жатқан жұмыстар, Сыр өңіріндегі туристік маршрут, олардың қаржыландыруы бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен қатар бұқаралық спорт, паралимпиадалық спортты дамыту, жас спортшыларға қолдау білдіру бойынша да сауалдар жолданып, нақты жауаптар алды. Қатысушылар сала басшысына өздерін толғандырған сұрақтарын…
Read MoreҒАСЫРДЫҢ БАТЫР АНАСЫ
Есімі Сыр күрішімен қатар аталатын Социалистік Еңбек Ері, Қармақшы ауданының “Құрметті азаматы» Сәлима Жұмабекованың еңбек пен өрілген өмірі ұрпаққа үлгі. Егіс алқабының алтын дәнін аялаған өнегелі өмір иесінің есімі бүгінде аңызға айналған. “Ғасырдың Батыр Анасы” атағын алған қазақ еліндегі жалғыз ана, КСРО кезеңінде 300 миллион халықтың арасынан, өзі Социалистік Еңбек Ері, өзі “Батыр ана” атағын алған үш ананың бірі — Сыр елінің атақты күрішшісі, 11 баланың анасы, 37 немеренің, 49 шөберенің әжесі болған анамыз Сәлима Жұмабекқызы тірі болғанда осы жылғы 25 тамызда 87 жасқа келер еді. Анамыздың аялы ыстық алақанын,…
Read MoreӘжеме арнау!
Әжетайым! Бүгін қолыма қалам алып сізге деген лебізімді қағаз бетіне түсіруді ұйғардым. Сіз туралы менің айтарым көп. Менің бойымдағы сізге деген немерелік сезім үнемі ойландырады, толғандырады. Әр баланың әжелері бар. Бірақ сіздей әже ешкімде жоқ, білесіз бе?! Мен сізбен мақтанамын! Сыр өңірінің мақтанышы, Қармақшылық күрішші-диқан Сіздің есіміңіз — бүкіл қазақ жұртшылығына танымал есім! Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана, өз заманында үлкен мәртебе саналатын Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық депутаты, қайраткер болған батыр әжемді бүкіл сыныптастарыммен, достарым біледі. Күріш өсірумен қатар, 11 баласына мейірімін төгіп , «Ғасырдың батыр анасы» болған сіздің…
Read More