Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі қатарындағы мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды іріктеу басталды

2025 жылғы 3 наурыз — 5 сәуір аралығында мерзімді әскери қызметке көктемгі шақырылым аясында ҚР МКҚ өкілдері барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда үміткерлерді таңдау және зерделеу жүргізеді.Үміткерлерге келесі талаптар қойылады: жасы 18-27 арасында, бойы 180 см-ден төмен емес, орта мектеп, колледж немесе университет бітірген, денсаулығы жақсы. Жоғары білімді, спорттық жетістіктері мен разряды бар шақырылушыларға басымдық беріледі.ҚР МКҚ қатарына өткен шақырылушылар мерзімді қызметін Астана және Алматы қалаларындағы 0112 және 0111 әскери бөлімдерінде атқарады.ҚР Мемлекеттік күзет қызметі қатарында мерзімді қызмет сарбаздары Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың…

Read More

АМАЛ МЕРЕКЕСІ АРАЛДА АЙРЫҚША АТАЛЫП ӨТІЛУДЕ

Бүгін халқымыз қадір-қасиеті жоғалмаған Наурыз мерекесінің бастау алар сәтіне келіп, жұртшылық жаңа жылдың, жаңа күннің басталуына куә болып жатыр. 14 наурыз «Көрісу күні» – қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің бірі, әсіресе Батыс аймақтарда кеңінен тойланатын мейрам. Бұл күні адамдар бір-бірімен амандасып, көрісіп, жаңа жылға аман-есен жеткеніне қуанып, ақжарма тілектерін арнайды. Көпшіліктің мейманасын тасытып, көңілін шалқытқан шуақты күннің басты шарасы бүгін қаланың орталығында шымылдық түрді. Мереке «Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу» атты «Көрісу күні – Амал мерекесі» күніне арналған қойылым – концертпен басталды. Алдымен қаланың басты көшесімен жүріп, халқымыздың көшпелі…

Read More