Сот жүйесіндегі сот приставының ролі

Ескілікті бір әңгімелерде биқағар жігіттер болады екен. Өздері қарулы, қырағы әрі шапшаң болуы шарт. Өйткен биге жүгініп келген адамның бірі істе ұтылса ашуға беріліп кетіп, сол жер дау шығарып, алысып жұлысып, ақыры биге де шарпуы тиіп кетуі мүмкін ғой. Сондай уақытта биқағар жігіттер сабасына түсіретін көрінеді. Дәл соның бүгінгі бейне Сот приставы.
Сот приставы деген кім, ол – сот отырысы кезiнде, сондай-ақ сот орындаушылары атқарушылық iс-әрекеттер жасаған кезде залда қоғамдық тәртiптi сақтауға, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылауға, iс жүргiзу әрекеттерiн орындауда сотқа жәрдемдесуге, сот ғимараттарын күзетудi қамтамасыз етуге, судьялардың және процестiң басқа да қатысушыларының, сондай-ақ атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау кезiнде сот орындаушыларының, осы iс-әрекеттерге қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соттардың және басқа органдардың орындаушылық құжаттарын орындауға мәжбүр етуде сот орындаушыларына жәрдем көрсететін лауазымды тұлға деп көрсеткен.
Сонымен қатар бұл лауазымдағы адам сотқа келуден жалтарған адамдарды сот орындаушысына немесе атқарушылық iс-әрекеттер жасалатын жерге күштеп алып келудi Заң негізінде жүзеге асыратынын да айта кетуіміз керек. Егер сотқа шақырылған адамның өзі немесе туыстары тығып отырса, болмаса қашуына, не қарсы әрекет көресуіне жағдай жасаса ішкі істер органдарынан көмек сұрай алады. Яғни оның артында мемлекеттік күштік құрылымдар тұрады. Әскери жағдайда қолбасшылықтан да көмек сұрайды.
Жапқа тартылған адам ешқашан Заңнан, Заңды жүргізетінн, жүзеге асыратын тұлғадан жалтаруға, сыйламаушылық жасауға болмайды. Ол деген өз өмірін одан әрі қиындату деген сөз. Сондықтан мемлекеттің әрбір адамына құрметпен қарап, қызметтеріне түсіністік жасауы шарт. Сот приставы қызметі ел тыныштығы үшін еңбек ететін өте жауапты қызмет.

Н. Ибраев,
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының Аға сот Приставы

Related posts