Бекмұратов РамазанҚармақшы ауданы, Төретам кенті Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Өзекті де мәселе бұл ғаламдық,Бүгінгі таң туғызған жай алаңдық,Есті алар ішімдік пен есірткі,Бастауы бұл жамандық. Кесел болды құлаш жайған төске кең,Қалды әдіра талай мұрат көксеген.Тәуелді боп бұғауына көп түсті,Жас ұрпақ сан өскелең. Шарасыз көп тырнағына ілінген,Алдын-алу тиімді жол бүгінгі ең.Себебі: дерт шарлап талай отбасын,Есігінен үңілген. Ой салсын деп жазылған-ды жырым бұл,Үзілмесін деумен жастай ғұмыр гүл.Түбі құрдым бойға сіңсе жат әдет,Болашағың бұлыңғыр. Ұғын жастар түйсігіңмен ішкі анық,Дерт шеңбері бара жатыр қысқарып.Есті алар есірткіден жүргейсің,Бойды аулақ ұстанып. Батпандап кеп бойға сіңіп…
Read More