Мен өмірді қалаймын!

Гаджет, ғарыш, робот бар,
Болашаққа жол ашар.
Есірткімен жол қысқа,
Қиялыңды сол басар!

Спорт, би мен ән керек,
Жаман жолмен шегін тек.
Есірткіге ерген жан,
Өкінеді өмірлеп.

TikTok-та емес сән болар,
Ақыл, білім жан қонар.
Есірткіге жоқ дейік,
Болашаққа үміт бар!

Ертеңім үшін еңбек етем ,
Таза жолмен өрге өтем .
Есірткіге ерік бермей,
Армандарға серік етем!

Айболқызы Күнайым
Қармақшы ауданы
Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі
6 сынып оқушысы

Related posts