Автомагистральдарда неге тыйым салынады?

Көлік құралын басқарған соң жүргізуші міндетті түрде жол ережесіне бағынады. Егер жол ережесін болмашы деңгейде бұзса, онда жүргізушіні және бейкінә жүргізуші мен жолаушыларға қауіп төнеді. Сондықтан жолдағы қылмыстылықтарды болдырмаудың ең бірінші шарты, ол – жол ережелерін білгендік.  Бүгінде облысымыздың үстінен кесіп өтіп жатқан автодәліздің пайдаланбайтын жүргізуші жоқ шығар. Ереже бұзып, қылмыстардың да көптеп орын алатын жері осы дәліз. Ендеше сол жүргізушілер тарапынан жасалатын заңсыздықтардың алдын алу мақсатында автомагистральдарда неге тыйым салынады, соған тоқталсақ: 1) көлік құралынан тыс жаяу жүргіншілердің, сондай-ақ үй жануарларының тұруына, велосипедтерді, мопедтерді, тракторларды және өздігінен жүретін машиналарды,…

Read More

Гендерлік теңдік – тұрақтылыққа тірек

Гендер (ағылш. gender) — қоғамдағы адамның жүріс-тұрысын анықтайтын әлеуметтік жыныс. Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазіргі кезде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемді жұмыстар жүргізіп жатыр. Барлық қоғам өмірінің салаларында гендер түсінігі әйелдердің ғана емес ерлердің де тұлғалық ерекшеліктерін қорғайды. Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Ұйым 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы Күн тәртібі мақсаттарына қол жеткізу үшін…

Read More

Ақпараттық плакаттар таратылды

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” әлеуметтік жобасы аясында Аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу мақсатында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының А3 форматта ақпараттық плакаттар шығарылып, сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алған жерлерге, халық көп шоғырланатын орындарға таратылды.

Read More

«Сот кабинеті» — уақыт үнемділігі»

Қағазбастылық. Ғаламның сан түрлі саласын жаулаған қағазбастылықтың үлесі әлемде жаңа технологиялар пайда болғалы сиреп барады. Сөрелерде көп орын, толтырғанда көп уақыт керек ететін қағазбастылықтың маңызы жаңа технологияларға берілуде. Оның ішінде еліміз үшін маңызды бірқатар салаларды жаңғырту кезек күттірмейтін мәселе екені анық. Білім саласы, халыққа қызмет көрсету орындары және сот саласының да жұмыстарын оңтайландыру үшін мүмкіндігінше «IT» құралдарының көмегін пайдаланудамыз.

Read More

Сот кабинеті арқылы сотқа жүгіну

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге және жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттармен танысып, қадағалап отыруға болады.

Read More

Жалағашта «Ораза айт» мерекесіне орай сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Осы ретте Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында…

Read More

Кездесу өтті

Аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық-насихау мақсатында кездесу өткізілді. Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” жобасы аясында кездесу өтті. Кездесу барысында «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан сауалдарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер жасалды.

Read More

Сыбайлас жемқорлық — қоғам дерті

Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні Жалағаш, Сырдария аудандарында «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы бойынша «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының  төрайымы Бақтыбаева Ляззат Шайзадақызы,  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан сауалдарына  жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер жасалды.

Read More

ИСЛАМ ЖӘНЕ ІЗГІ ҚОҒАМ

Дін және дәстүр – ең өзекті екі тақырып. Өзектілігі сол – кез келген қоғамның өмір сүру дағдысы мен адамдық қасиеттер, адамгершілік байланыс осы екі діңгектің берік болуымен өлшенеді. Неліктен? Қай халықтың болмасын салт-санасы сол ұлттың мінез-құлқын, менталитеті мен қасиеттерін, тәрбиесі мен мінезін танытса, дін – болмысын, сенімін, рухани түсінігін көрсетеді. Ал екеуі де ізгілік пен мейірімге, жақсылық пен адамдыққа негіздеген халықта өресі биік ұл-қыз өсіп шығады. Біздің асыл дініміз бен ұлтымыздың дәстүр сабақтастығын қалай бағалаймыз? Саралап көрейік. Ислам діні әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Дәстүрге теріс көзқараспен қарау және оны жоққа шығару тек бір ұлттың тамырына балта шабу ғана емес, дінге де қарсы шығу болып табылады.

Read More

Оқыту семинаты өтті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 14 сәуір күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Жалағаш және Қармақшы аудандарында «ҮЕҰ-дың мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс жасау» тақырыптарында оқыту семинары өткізілді. Семинарды «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық ресурстық орталығының директоры, тренер Адил Аликулов жүргізді. Оқыту барысында ҮЕҰ-дың мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс жасауы, құжаттар дайындау, гранттарға құжат тапсыру және тағыда басқа тақырыптар турасында кеңінен түсіндірме жасалды. Оқыту семинары соңында тренер Адил Аликулов қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Қатысушылар өздеріне қажетті…

Read More