Облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде а.ж. 11 мамыры күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қармақшы, Қазалы аудандарында «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы бойынша «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында Астана қаласының заң консультанттары палатасының заңгері Байменов Нұрсұлтан Шаяхмедұлы аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан сауалдарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер жасалды
Read MoreМесяц: Май 2023
Қызылорда облысы бойынша монополияға қарсы департаментінің хабарламасы орындалды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қызылорда қаласы Астана даңғылы №46 мекен-жайы бойынша орналасқан ХҚКО-ның бөлімшесінде көрсететін қызметтерге жарнаманың мазмұны бар, мекенжайы мен көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілген фото таратылды, атап айтқанда ХҚКО жылжымайтын мүлікті сатып алу, айырбастау және сыйға тарту шарттары бойынша мәмілелерді ресімдейтін жарнама парақшасы қызмет көрсету терезесінде және ХҚКО қызметкерлерінің алдында орналасқаны көрсетілген. Атап айтқанда жарнаманың мазмұныңда «Жылжымайтын мүлікті сатып алу, айырбастау және сыйға тарту шарттары бойынша көрсетілетін қызмет түрі» Нотариуста шарт құны – 45000 тг, ал бізде (цонда) 12500…
Read MoreЕЛІМІЗДЕ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ ТҮСТЕС «ЖЕҢІС ЛЕНТАСЫ» АКЦИЯ БАРЫСЫНДА ТАРАТЫЛАДЫ
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында тағзым алаңында өткен ү.ж. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған шараға әр ұйымның ардагер өкілдеріне, қала тұрғындарына «Жеңіс лентасы» таратылады. Акцияның басты мақсаты – бейбіт күніміз бен тыныш өміріміз үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету елі мен жері үшін жаумен шайқасқан қаһарман жауынгерлердің ерлігін мәңгіге ұрпақ санасында қалдыру.
Read MoreАрдагерлер арасында сайыс өткізілді
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 05 мамыр күні сағат 11.00-де «Grand Billiard Hall» ғимаратында үкіметтік емес ұйымдардың арасында сайыс өткізілді. «7 Мамыр – Отан қорғаушылар» күніне орай отанымызды қорғауда елеулі еңбек еткен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерінің арасында дойбы және бильярдтан сайыс өткізілді. Ұйымдастырылған сайыстың мақсаты отанымызды қорғауда елеулі еңбек еткен алдыңғы буын ағалар мен ардагерлерді мерекесімен құттықтау болып табылады. Облысының қоғамдық даму басқарманың азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Бибарыс Елтайұлы, бас маман Сымбат Бимағанбетова ерлігімен елге танылған…
Read More