Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толып отыр.Қызылорда облысында 2 Ұлы Отан соғының ардагері тұрады. Қазалы және Сырдария аудандарының дәрігерлері қос қарияның денсаулығын үнемі бақылап отырады. Бүгін ардагердің үйіне ақ халаттылар арнайы барып, медициналық тексерістен өткізді. Ардагерлер медицина саласы қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ақ батасын берді.Ұлы Отан соғысының ардагері Тасыров Яхия 1922 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы, Қараөзек елді мекенінде дүниеге келген.Ташкенттегі тоқымашылар оқуын оқып, 1940 жылы тоқыма фабрикасына мастердің көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. 1941 жылдың аяғында Ташкент облысы Фрунзе аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынған. Омбы қаласында алғашқы әскери…
Read More