Отбасы және балалар құқығын қорғау басты міндетіміз

Б.АбубакироваБайқоңыр қалалық сотының судьясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қос заңға қол қойды. Өзгерістер мен толықтырулар негізінен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтармен байланысты құқық бұзушылықтар, қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатайтуға бағытталған. Мұндай қатаң шаралар қабылдауға кейінгі кезеңде қоғамда жиі тіркелген түрлі келеңсіздік, тіпті жан түршігерлік оқиғалар түрткі болды. Отанымыздың бастау бұлағы сынды отбасылардағы қауға тиген өрттей өршіп тұрған ұрыс-керіс, дау-жанжал, әйел-аналарды аяусыз ұрып-соғу, кемсіту, қорлау, оны көріп-біліп…

Read More