Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «QazaqGaz Aimaq» АҚ ҚӨФ-ның тауарлық газды газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қызметтеріне 2026-2030 жылдарға берілген тарифтерінің жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды. Жария тыңдау 2025 жылғы 24 қазанда сағат 11-00-де Қызылорда қаласы, Қазыбек Би көшесі, 21, «А.Тоқмағамбетов атындағы» мәдениет үйі мекенжайда өткізіледі. Жария тыңдауға депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар мен тұтынушылар шақырылады. Сонымен қатар, барлық аудандардың тұрғындары және басқа да мүдделі тұлғалар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі…
Read MoreДень: 25.09.2025
Ақтөбе арғымақтар Астанасы
Ақтөбе облысының атын шығарып жүрген сәйгүліктер аз емес. Ерте шапса кешке озған, ойға салса төске озған небір тұлпарлар тұр қазірде сөреде. Олардың бапкерлері, сейістері көз ілмей баптап, тыным таппай тақтап отырады. Ер қанаты ат деген, ат әперер бақ деген демекші бабы мен бағын келістіріп жүрген жандардың бірі Сақып Мейрамбек Есетұлы мен Айбек.Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған 70 шақырымдық ұлы аламан бәйгеде Айбектің баптап қосқан қылқұйрығы өткен дүбірлі додада бірінші келіп, автокөлік ұтып алса, Мейрамбектің тұлпары Ақтөбеде өткен аламанда жүлделі ІІ орынды иеленді. Қазақты қанаттандыратын көкқасқалар жайлы дода басындағы толғауымызды ұсынып…
Read More