Қаннан карбоксигемоглобинді айқындау бойынша сараптамалық зерттеулер әдісі

Темирланова  Қарлығаш Бисенбаевна,
Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамалары институтының химия-токсикология бөлімінің сарапшысы

Көміртегі оксиді түссіз, иіссіз газ. Көміртегі оксиді мен ауа қосындысы жарылыс туғызуы мүмкін. Бөлме температурасында 16-дан 73 пайызға дейін көміртегі оксиді бар қоспалар жарылыс туғызуы мүмкін. Көмірсутегі, тас көмір және басқа жанғыш материалдар толық жанбаған жағдайда көміртегі оксиді пайда болады. Көміртегі оксиді (иіс газы) автомобильдің пайдаланылған газдарында, пештерде жанғыш материалдар толық жанып кетпеген жағдайда пайда болады.   

Көміртегі оксиді көп жағдайларда өрт не жарылыс кезінде пайда болады. Пешпен жылытылатын жерлерде желдету дұрыс істемеген жағдайларда және өрт кезінде көміртегі оксидімен уланған жағдайлар болған. Көміртегі оксиді ағзаға тыныс жолдары арқылы еніп, қан гемоглобинімен қосылғанда бірге мықты қосылыс карбоксигемоглобинді құрайды -(COHb). Көміртегі оксидтің гемоглобинге ұқсастығы оттегінің осы оксидке ұқсастығына қарағанда 300 рет көп.

Көміртегі оксидімен уланған адамдардың қанында гемоглобин мен оның қосылыстары болады: олардың ішінде оттегі мен көміртегі оксидке қатысы жоқ гемоглобин, немесе дезоксигемоглобин (Hb), оксигемоглобин (OНb) – кислородқа қатысы бар гемоглобин және карбоксигемоглобин (COHb) – көміртегі оксидке қатысы бар гемоглобин. Бұдан басқа қанда бірнеше мөлшерде метгемоглобин болуы мүмкін  (MtHb). Улану кезінде метгемоглобин көміртегі оксидімен байланысқа түспейді.

Көміртегі оксидімен уланған адамдардың бұлшық ет ұлпаларында дезоксигемоглобин MHb, оксигемоглобин OMHb және карбоксигемоглобин COMHb болады. Қанда карбоксигемоглобиннің болуы ағзаның көміртегі оксидпен уланғанын дәлелдейді. Карбоксигемоглобинді және оның мөлшерін айқындау үшін келесі әдістер қолданады: спектроскопиялық, спектрофотометриялық, фотоколориметриялық, газохроматографиялық, химиялық және басқа әдістер.

Спектрофотометриялық әдіс көбінесе қандағы карбоксигемоглобиннің мөлшерін анықтау үшін қолданады.

Карбоксигемоглобиннің қандағы мөлшерін анықтаудың нәтижесін сот-медициналық бағалау.

Қанда карбоксигемоглобиннің болуы дем алатын ауада көміртегі оксидінің қанықтығына және оның әсер ету уақытына байланысты. Альвеолярлы ауада көміртегі оксидінің қысымы қаншалықты жоғары болса соншалықты карбоксигемоглобиннің қандағы қанықтығы сонша жоғары болады, оттегінің парциальді қысымымен салыстырғанда.

Бірдей уақыт ішінде және басқа да бірдей жағдайларда неғұрлым минуттық тыныс көлемі көп болса, соғұрлым ағзаға көміртегі оксиді көп түседі. Қандағы көміртегі оксидінің әр түрлі қанықтығына байланысты белгілер, уланудың ауырлығы мен аяғы төменде көрсетілген. Бұл көрсеткіштердің мәні шамамен алынған.

% Hb жалпы мөлшеріне COHbУлану белгілері
0-10Ешқандай белгілері жоқ
10-20Маңдай аймағында қысым сезіледі, аздап бас ауырады, тері- қан тамырлары ұлғаяды
20-30Басы ауырады, шеке аймағында солқыл сезіледі
30-40Бас қатты ауырады, әлсіздік, бас айналады, көзі буылдырады, жүрегі айниды, лоқсиды, коллапс пайда болады.
40-50Жоғарыдағы сиптомдар қайталанады, коллапс әбден мүмкін. Тынысы және солқылы жиі.
50-60Солқылы мен тынысы жиі, сіңірі тартылады, кома.
60-70Жоғарыдағыдай, тыныстың, жүрек қызметінің әлсізденуі, өлімге алып келуі мүмкін.
70-80Солқылы әлсіз, тынысы тым жай, тыныстың тоқталуы, өлім.

Алайда әдейі зерттеулер мен бақылау нәтижесі көрсеткендей карбоксигемоглобин қанықтығы мен улану дәрежесінің ауырлығында сәйкестік бола бермейді. Бұл әсіресе бірнеше адам бір кезде уланғанда байқалады. Қандағы карбоксигемоглобиннің өлімге алып келетін мөлшері 60 пайызға дейін, бірақ орташа есеппен 40-80 пайызға дейін баруы мүмкін. Бұл құбылу сыртқы жағдайларға және ағза ерекшеліктеріне байланысты болады.

Қолданылған материалдар: В.Ф.Крамаренко Химико-токсикологиялық талдау. – К: Вища мект. Бас басылым, 1982 ж; м.ғ.к. Г.Н.Кондаурова, Л.Н.Холодкова.  Карбоксигемоглобинді сот-химиялық анықтаудың  МУ. Алматы. 2000 ж.

Related posts