Біз мезетте жүз жүйрік шыққан Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылында қазірдің өзінде жыршы жыраудан бөлек адуынды ақыны мен, сөз ұстанған тілмарларлар ну қамыстай сыңсып жүр. Кез келгенімен танысып сөйлесе кетсеңіз әңгімесіне ұйып, таңдай қағып, тамсанып отырып қанша уақытыңды өткізгеніңді білмей қаласың. Солардың бірі уақытында талай атақты жыраулардың дауысын таспаға түсіріп, көнеліктен сөз жинаған шежіреші Айтжан ақсақалдың баласы Календаров Ідіріс. Сөз көмбесі атанған сүлейлердің сынығы жайлы сыртынан естіп жүруші ем, күні кеше іздеп барып сұхбаттасудың реті келді. Қонақжай Ідекең төріне патша қылмайынша шаруамызға көше қойған жоқ. Жайланып отырған соң ернеуін бұзып аққан…
Read More