Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. Арнайы прокурорлар интернеттегі есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бірқатар ірі істерді тергеп-тексеруді аяқтап, сотқа жіберді. Шымкентте Telegram мессенджері арқылы жұмыс істейтін халықаралық есірткі желісінің жолы кесілді. Тергеп-тексеру басқа құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп жүргізілді. Прокуратураның бастамасымен қазақстандық жедел- тергеу тобына халықаралық деңгейде осы жұмыста тәжірибесі бар АҚШ-тың есірткі бизнесіне қарсы күрес ведомствосының (DEA) қызметкерлері енгізілгенін атап өткім келеді. Қылмыстық схемаға 300-ден астам адам қатысқан. Тек екі айыпталушының транзакциялары бойынша…
Read More