Кассациялық сот – әділдіктің жоғары сатысы

А.КүнтуғановаҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Кассациялық сот – сот жүйесіндегі ең маңызды сатылардың бірі. Ол төменгі соттардың шығарған шешімдерінің заңдылығын тексеретін жоғары сот органы болып табылады. Кассациялық соттың басты мақсаты – сот тәжірибесінде заңның дұрыс әрі біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Кассациялық сот істі қайтадан басынан бастап қарамайды. Ол істегі дәлелдер мен айғақтарды жинаумен айналыспайды. Оның негізгі міндеті – бірінші және апелляциялық соттардың шешімдері заң талаптарына сай ма, әлде заң бұзушылықтар жіберілді ме, соны анықтау. Егер соттар заңды дұрыс қолданбаса немесе азаматтардың…

Read More