Есімі Сыр күрішімен қатар аталатын Социалистік Еңбек Ері, Қармақшы ауданының “Құрметті азаматы» Сәлима Жұмабекованың еңбек пен өрілген өмірі ұрпаққа үлгі. Егіс алқабының алтын дәнін аялаған өнегелі өмір иесінің есімі бүгінде аңызға айналған. “Ғасырдың Батыр Анасы” атағын алған қазақ еліндегі жалғыз ана, КСРО кезеңінде 300 миллион халықтың арасынан, өзі Социалистік Еңбек Ері, өзі “Батыр ана” атағын алған үш ананың бірі — Сыр елінің атақты күрішшісі, 11 баланың анасы, 37 немеренің, 49 шөберенің әжесі болған анамыз Сәлима Жұмабекқызы тірі болғанда осы жылғы 25 тамызда 87 жасқа келер еді. Анамыздың аялы ыстық алақанын,…
Read MoreМетка: Сәлима
Әжеме арнау!
Әжетайым! Бүгін қолыма қалам алып сізге деген лебізімді қағаз бетіне түсіруді ұйғардым. Сіз туралы менің айтарым көп. Менің бойымдағы сізге деген немерелік сезім үнемі ойландырады, толғандырады. Әр баланың әжелері бар. Бірақ сіздей әже ешкімде жоқ, білесіз бе?! Мен сізбен мақтанамын! Сыр өңірінің мақтанышы, Қармақшылық күрішші-диқан Сіздің есіміңіз — бүкіл қазақ жұртшылығына танымал есім! Социалистік Еңбек Ері, Батыр Ана, өз заманында үлкен мәртебе саналатын Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық депутаты, қайраткер болған батыр әжемді бүкіл сыныптастарыммен, достарым біледі. Күріш өсірумен қатар, 11 баласына мейірімін төгіп , «Ғасырдың батыр анасы» болған сіздің…
Read More