Құрылыс сараптамасы мен жобалау-сметалық құжаттаманың тиімділігі

Жобалау құжаттамасын әзірлеу, оны келісу және мемлекеттік сараптама құрылыс жұмыстарының бастапқы кезеңі болып табылады. Күрделі құрылыс объектісін салу, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу процесінде құрылыс ұйымы аккредиттелген ұйымда бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы басшылыққа алады. Құрылыс жобасының сапасы көп жағдайда жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізілгенге байланысты. Инженерлік ізденістерді орындау қорытындылары қатаң тексеруден кем болмауға тиіс. Осы бақылау процедураларының барлығы жоғары деңгейде орындалуы үшін құрылыстың барлық мүшелері — тапсырыс берушілер, құрылыс салушылар және, әрине, инвесторлар қызығушылық танытады. Жобалау-сметалық құжаттаманы орындау, сондай — ақ оны сараптау немесе келісу-бұл өте маңызды кезең, оған әртүрлі объектілерді салу процесінің…

Read More

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердіңморальдық-этикалық имиджіне қойылатын жалпықабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді жәнемемлекеттік органдарға қоғамдық сенімді нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара іс-қимылдың жоғарымәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Кодекс мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы стандарттарын және қызметтен тысмінез-құлық стандарттарын белгілейді. Жалпыстандарттарға: мемлекеттік қызметшілерқабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, жеке сипаттағымәселелерді шешу кезінде өзінің қызмет бабынпайдаланбау, іскерлік этика және формальды мінез-құлық қағидаттарын сақтау кіреді. Яғни, мемлекеттік қызметшілер азаматтар мен жәнеұжыммен қарым-қатынас кезінде сыпайы болуға тиіс. Өз кезегінде, халықпен өзара іс-қимылдың негізгікөрсеткіші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіңсапасы болады. Сондықтан мемлекеттік қызметтердіңсапасын арттыру бойынша тұрақты шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар ретіндехалықтың қажеттіліктеріне бағдарлану қажет. Оның әдепке сай емес мінез-құлқы мемлекеттікаппаратқа деген сенімге нұқсан келтіретінін түсінеотырып, оған жүгінетін азаматтардың әрбір мәселесінмұқият қарап, шешімдер қабылдаудың уақтылығын, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету қажет. Жалпы, Кодекс мемлекеттік қызметшілердіңмәдениетіне ғана емес, қызметтік міндеттерді орындаумәдениетіне де қойылатын талаптарды белгілейді. Бұлне деген сөз? Қазіргі уақытта әдеп жөніндегі кеңестербарлық өңірлерде жұмыс істейді. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасын бұзуығана емес, сондай-ақ тәртіптік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдыналу бойынша Мемлекеттік органдардың жұмыснәтижелері де ескеріледі. Мемлекеттік қызметшілер қоғамға жат мінез-құлықтан аулақ болу үшін жұмыстан тыс жерлерде де жалпы қабылданған моральдық және этикалықнормаларды үнемі ұстануы тиіс.  Халықты әлеуметтік қорғау  саласындағы реттеу және бақылау  комитетінің Қызылорда облысы  бойынша департаменті

Read More

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  2024 жылдың 9 айында  сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы

2024 жылдың 18 қазанында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Баспасөз өкілдерінің қатысуымен  пресс-конференциясы өткізілді.Пресс-конференцияны Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Е.Елшібеков жүргізіп,  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жайлы баяндап өтті.2024 жылдың 9 айында – 2759 талап қою, 191 азаматтық іс (2023 жылдың 9 айы – 2563 талап қою, 189 іс), 386 азаматтық іс 2023 жылдан қалдық болып түскен (2023 жылдың 9 айында-402іс).Демек, ағымдағы жылы түскен талап қою мен арыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 196…

Read More

ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН

Республика күні халықтық мереке. Қазақстанның өзге елдермен терезесі теңесіп, шекарасы анықталып, өзіндік туы мен әнұраны бар жеке дара ел болып әлем картасында орын алған күн. Бұл бұрынға ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған азаттық таңы.25 қазан – Республика күні араға 13 жыл салып, ұлттық мереке ретінде қайта оралды. Ол еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі…

Read More

Съезде көтерілген мәселелердің орындалмайқалғаны жоқ

Сот жұмысын жандандыруда Судьялародағының маңызы зор. Ал осы судьялардың кәсіподағы саналатын қоғамдық бірлестіктің негізі1996 жылы өткен республика судьяларының алғашқы съезінде қаланған болатын. Содан бергі 28 жылдың ішінде Судьялар одағы тоғыз съездің өтуіне бастамашы болды. Әр төрт жылұйымдастырылатын бұл съездердің сот қызметіндегі орны бөлек. Тоғыз съездің көтерген мәселесі, талқыға салған тақырыбы әртүрлі. Бірақ, оның қай-қайсысы да сот саласын дамытуға, судьялардың дербестігі мен сапалы қызметіне жолашуға бағытталған. Биылғы съезд мінберінде де маңызды мәселелер көпшілік назарына ұсынылды. Әсіресе, судьялардың Әдеп кодексінің қабылдануы тоғызыншы съездің басты ерекшелігі ретіндетарихта қалары анық. Сонымен бірге, алқалы басқосуда өз пікір-ұстанымын білдіргенәріптестеріміз судья көмекшісі лауазымын енгізу, әкімшілік әділет институтын жандандыру, соттағы мемлекеттік тілді қолданысын арттыру қажеттігін алға тартты. Әлбетте, судьялар съезінде сөз болған мәселелердің бәрі де өзекті. Олардың алдағы уақытта оң шешімін тауып, сот жұмысын ілігерілетуге қызмет етері күмән туғызбайды. Өйткені, бұған дейінгі съездерде айтылған, назарға алынған ұсыныс, пікірлердің еленбей, ескерілмейқалған кезі жоқ. Мысалы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезінде «Судьяларымыз адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты…

Read More

25-қазан – Республика күні

Республика күні қайта оралды. Парламент депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематалография және мәдениет мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтылырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Енді 25 қазан- Республика күні ұлттық мереке ретінде атап өтіледі, ал 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні болып қала береді. «Бұл өте маңызды тарихи шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шын мәнінде осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту – мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан алғанда маңызды қадам», — деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталатын. Бұл…

Read More

Татуластыру рәсімдері

Халқымыз бірлігін берік ұстап, татулықты ту еткен. Кешегі билердің салған сара жолы, көшпенділердің көші бүгінде жалғасын табуда. Қазақ халқы бесікте жатқаннан бірлікке, ынтымаққа, татулыққа тәрбиелейді. Кешірімді болуды әрқашан қәперде ұстауды баланың бойына сіңіреді. Екі рулы елдің арасында туған дауларды билер әрқашанда татуластыра отырып шешкен. Билер салған сара жолмен елімізде тәжірибенегізінде азаматтық, қылмыстық заңналарды ізгілендіру бағытында, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңы Елбасымызбен қабылданған. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жан-жал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы түрі. Бітістіру рәсімдерінің мақсаты: рәсімнің екі бірдей тарапының көңілінен шығатын дауларды шешу нұсқасына қол жеткізу;…

Read More

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ БІР КҮНІ

Жастар арасында әскери қызметке деген қызығушылықты күшейту және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Қызылорда қалалық С. Шаухаманов атындағы №9 мектебінің 11 сынып оқушылары және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастарына Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімі есігін айқара ашты. Оларды әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Караманов Берік Азаматұлы, қарсы алып әскери бөлімнің тарихы және өзінің жауынгерлік жолы туралы айтып берді. Ашық есік күні – біздің әскери бөлім үшін нағыз мереке. Жастарды офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметкерлер, әсіресе сарбаздарымыз жылы қарсы алып, олардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болды. Әскери бөліміміздің дәстүрлі Ашық есік күніне жиналғандар көп болды.…

Read More

Кассациялық соттардың құрылуы мен олардың қызметі туралы

Елімізде 01.07.2025 жылдан бастап Астана қаласында Кассациялық соттар құрылады. Мемлекет басшысы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша тәуелсіз кассациялық соттар құруды көздейтін заңға қол қойды. Кассациялық соттар азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарын  сақтауға, олардың  құқықтарын қорғауға оң әсер ететін болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге  асуда. Тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер  бойынша тек Астанада ғана құрылады. Кассациялық сотқа, апеляциядан әділдік  таппағандар  шағымдана  алады.  Бүкіл облыстан  аппеляциядан  қаралғаннан  кейін, …

Read More

«Еуро хаттама» мобильді қосымшасы іске қосылды

2024  жылдың 1 қаңтарынан бастап ұсақ жол-көлік  оқиғасына тап болған жүргізушілерге арналған «Еуро хаттама» бағдарламасы  іске қосылды. Бұл ұсақ жол-көлік  апатына  тап  болған жүргізушілердің ымыраға келуіне мүмкіндік беретін, жеңілдетілген тәртіппен реттеу–Еуро хаттама рәсімі енгізілген. Жол-көлік оқиғасына қатысушының екеу де өздерінің ұялы телефондарына «Еуро  хаттама» қосымшасын  немесе сақтандыру ұйымының  сайтына жүгінуге тиіс. Тіркеу рәсімінен өтіп, жол-көлік оқиғасының фото материалдарын қоса тіркеу қажет. Сақтандырушылар автокөліктердің соқтығысу фактісі мен келтірілген залалдың мөлшерін  растайтын  қосымша материалдарды сұрамайтындай жіберілген  фотосурет сапалы болуы тиіс. Жол-көлік оқиғасы орнына полиция қызметкерін шақырмай ақ көлік  иелері екеуара келісіп онлайн …

Read More