Ф.НаятҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Мемлекеттік қызметші – мемлекетік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да әр саланың сапалы жұмыс істеуі, жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер- билік пен қарапайым халық арасындағы дәнекер.…
Read MoreРубрика: Әлеумет
Сарай толығымен жанып кетті
29.05. 2024. Сағат 10-нан 54 минут өткенде Қызылорда қаласы, Тұрлығұлов көшесі №20 тұрғын үйдің ауласында ағаш сарай толығымен жанды. Өрт салдарынан 6 тауық өртенді. Өрт ошағынан 1 дана 50 л. газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сағат 11-ден 23 минут өткенде толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында өртті сөндіруге жұмылдырылды: ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының филиалы, полиция бөлімі, қалалық электр тораптарын тарату (23 қызметкер және 6 бірлік техника).
Read MoreЖүк көлігі өртенді
2024 жылы 25 мамырда 12 сағат 06 минут өткенде Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Қазалы ауданы Байқожа ауылының тұсында Самара-Шымкент тас жолының бойында «Фура» жүк автокөлігі жануда деген хабарлама келіп түсті. Барлау жұмыстарын жүргізу барысында: Volvo fh м/б N 99 BM 407 жүк автокөлігіне тиелген жүктің салмағы 9 тонна болатын электр жабдықтары (розетка, включатель, переноска) жанды. Өрт 13 сағат 05 минут өткенде толық сөндірілді. Өрт сөндіруге №8 өрт сөндіру бөлімінен 1-техника 6-қызметкер жұмылдырылды.
Read MoreКӨЛІК ӘЛЕМІНДЕ — БОЛАШАҚ СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі көлік саласына кадрларды даярлау бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл жұмыстағы маңызды қадам бүгінгі 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен көлік ұйымдарының мамандары және жоғары оқу орындары мен колледждер өкілдерімен жиын. Мектеп оқушыларымен бірге «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол», «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК, Әуежай сияқты көлік саласындағы жетекші компаниялардың филиалдары мен өкілдіктері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдері қатысады. Кездесу бағдарламасы көлік саласының сарапшыларымен және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдерімен диалогты қамтиды. Көлік саласының мамандарымен кездесуде қатысушылар осы саладағы кәсіптер мен қызмет бағыттары туралы қызықты…
Read MoreӨрт шықты
2024 жылғы 13 мамырда сағат 19 сағат 58 минут өткенде Қызылорда қаласы Қазантаев көшесі 27 мекенжайда орналасқан «Темірхан» ЖШС «Жайна» өндірістік сауда орталығына қарасты Қонаев көшесі бойында орналасқан жалпы ауданы 280 шаршы метр ангардың ішінде ауданы 12 шаршы метр бутиктың 1×2 метр қабырғасы мен 1500 түп өсімдік көшеті жанды. Өрт 20 сағат 20 сағат 10 минут өткендн толық жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 7 Өрт сөндіру бөлімінен 2 техника және 8 қызметкер жұмыс жасады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті нәтижесінде өрт тез арада жойылып, өрттің таралуына жол…
Read MoreӨрт сөндірушілер өртте 14 адамды эвакуациялады
Қызылорда қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында орналасқан кафеде 20 ш. м. алаңда өрт шықты. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ арқылы 14 тұрғынды эвакуациялады.Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сәтті жойылды.Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Read MoreАвтокөлік өртеніп кетті
2024 жылдың 8 мамыр күні 12 сағат 43 минут өткенде Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығынан Астана 2 мөлтек ауданы А. Шаменов №9 бес қабатты тұрғын үйдің автокөлік тұрағында 1992 жылы зауыттан шыққан «Volkswagen Passat» жеңіл автокөлігі (автокөліктің тіркеу құжаты) толығымен жанды. Өрт 12 сағат 55 минут өткенде толық сөндірілді. Өртті жоюға №4 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника, 6 қызметкер жұмылдырылды. Қызылорда облысының ТЖД “ Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі” РММ
Read MoreБіз «Таза Қазақстан» үшін!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Дәл осы акция аясында Қызылорда облысының 16 Өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттері дәл бүгін осы акцияны қолдап, көшет отырғызуда. Ағаш егу — игілікті іс. Бұл табиғат — анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласты оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындырады. Көгалдандыру адамзаттың денсаулығы мен жан-жақты эстетикалық, мәдени және экологиялық дамуы үшін қолайлы орта құрудың маңызды және таптырмас бөлігі болып табылады. Осы аптаға дейін апта сайын өтіп жатқан іс-шара аты айтып тұрғандай туған жерімізді таза ұстау мақсатындағы бастама.
Read MoreМалқорада өрт шықты
2024 жылдың 4 мамыр күні 15 сағат 5 минут өткенде Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы Жаңатұрмыс көшесі №24 мекенжайдың ауласында орналасқан 1600 шаршы метр, 40х40 метр мал қора және 2 бас бұзау толығымен жанды. Өрт 16 сағат 36 минутта толық сөндірілдіч Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына 1 автокөлік және 5 қызметкер жұмылдырылды. Қызылорда облысының ТЖД “ Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі” РММ
Read MoreТереңөзекте мал қора өртенді
2024 жылдың 2 мамыр күні 12 сағат 33 минут өткенде Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Б. Өтепов көшесі №9 үйдің ауласында ауданы 10х15 шаршы метр болатын жергілікті материалдардан салынған мал қора өртенгені анықталды. Өрт оқиғасының шығу себебі анықталуда. Өрт оқиғасынан 2 бас ірі қара мал, 11 бас уақ мал өртеніп кетті. Өртті сөндіруге Сырдария ауданы №12 Өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлік пен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің әрекеті нәтижесінде адам шығыны болған жоқ және жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға зиян келген жоқ. Оспан Сарсенбайұлы Айдос.Қызылорда облысының ТЖД “ Өрт сөндіру және…
Read More