2024 жылдың 2 мамыр күні 12 сағат 33 минут өткенде Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Б. Өтепов көшесі №9 үйдің ауласында ауданы 10х15 шаршы метр болатын жергілікті материалдардан салынған мал қора өртенгені анықталды. Өрт оқиғасының шығу себебі анықталуда. Өрт оқиғасынан 2 бас ірі қара мал, 11 бас уақ мал өртеніп кетті. Өртті сөндіруге Сырдария ауданы №12 Өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлік пен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің әрекеті нәтижесінде адам шығыны болған жоқ және жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға зиян келген жоқ.
Оспан Сарсенбайұлы Айдос.
Қызылорда облысының ТЖД “ Өрт сөндіру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметі” РММ