Ф.Наят
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы
Мемлекеттік қызметші – мемлекетік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да әр саланың сапалы жұмыс істеуі, жетістікке жетуі мамандардың біліміне, біліктілігіне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметкер- билік пен қарапайым халық арасындағы дәнекер. Мемлекеттің атынан жұмысын атқарып, мемлекет мүддесін қорғайтын қызметкердің өзін-өзі ұстауына, адамдармен қарым-қатынасына, шеберлігіне, сауаттылығына қарап, қарапайым халаықтың да мемлекеттік қызметке сенімдері нығая түседі. Бір мемлекеттік қызметшінің оғаш ісі бүкіл бір құрылымның беделіне нұқсан келтіріп, сеніміне кірбің түсіруі мүмкін. Осыған орай, бүгінде мемлекеттік құрылымдарға жұмыс істеуге үмітті жандарға талап қатал.
Судьяларға ғана емес, қазір сот мамандарына да қойылатын талаптар жоғарылатылған. Өйткені азаматтар сот билігінің әділдігін, төреліктің тура шығарылғанын таразыламай тұрып, кеңсе қызметкерлері мен сот мамандарының жұмысына ғана баға береді. Азаматтарды ізетпен қабылдап, білмеген сұрақтарына түсіністік танытуға, құқықтық кеңес беруіне қарап олардың сот жұмысына деген сенімі нығаяды. Мұны сот табалдырығынан аттаған кез – келген адамның лебізінен, пікірінен аңғаруға болады.
Судьялар мен мамандардың білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруға, тәжірибесін шыңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі тиіс.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятыны, мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлыққа жанасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.
Адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсіби шеберлік пен біліктілігімізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын.