ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ҮЕҰ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қызылорда облысының ҮЕҰ ресурстық орталығы және «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысы Бакишева Ирина Жумабаевнаның Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Ирина Жұмабайқызы ҮЕҰ жетекшілерінің өзекті сұрақтарына жауаптар беріп, жұмыс барысында кездесетін кейбір мәселелерге Заң аясын түсіндіріп, кеңесін берді.

Read More

Әбіш Сәбит Ыдырысұлының 70 жасқа толу мерейтойы

Қызылорда облысының ҮЕҰ ресурстық орталығы және «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлының 70 жасқа толу мерейтойына арналған мерекелік іс-шарасы өткізілді. Сәбит Ыдырысұлы 1953 жылы 25 мамыр күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай кеңшарында дүниеге келген. 1971 жылы Отан алдындағы әскери борышын Семей ядролық полигонында өтеген.2010 жылдан бастап Қызылорда облысының «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып қоғамдық жұмыстарға белсене араласа бастады. Бірлестік төрағасы ретінде аймақтың қоғамдық-саяси тұрақтылығын сақтау, жастарға патриоттық тәрбие беру жұмыстарына да айрықша үлесін қосып келеді. Мерейлі…

Read More

«Қазақ-жоңғар соғыстары: батырлар институтының ролі» атты танымдық шара өтті

Ү.ж. 24 мамыр күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №1 оқу ғимаратында «Қазақ-жоңғар соғыстары: батырлар институтының рөлі» атты танымдық шара өтті. Танымдық шараны облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы жүргізді. Алмасбек Әбілқасымұлы өз сөзінде «1723 жылдың көктемінде басталған жоңғарлардың жаулап алу жорығы қазақ халқының тарихына «Ұлы апат жылдары» — «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атауымен енгенін және де Ұлы дала төрін жоңғар басқыншыларынан азат ету оқиғалары халықтың тарихи жадында мәңгіге қалды. Ақтастыдағы, Бұланты жеріндегі «Қалмақ қырылған» шайқастары, Аңырақай…

Read More

«Сот кабинеті» — уақыт үнемділігі»

Қағазбастылық. Ғаламның сан түрлі саласын жаулаған қағазбастылықтың үлесі әлемде жаңа технологиялар пайда болғалы сиреп барады. Сөрелерде көп орын, толтырғанда көп уақыт керек ететін қағазбастылықтың маңызы жаңа технологияларға берілуде. Оның ішінде еліміз үшін маңызды бірқатар салаларды жаңғырту кезек күттірмейтін мәселе екені анық. Білім саласы, халыққа қызмет көрсету орындары және сот саласының да жұмыстарын оңтайландыру үшін мүмкіндігінше «IT» құралдарының көмегін пайдаланудамыз.

Read More

Сот кабинеті арқылы сотқа жүгіну

«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге және жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттармен танысып, қадағалап отыруға болады.

Read More

Жалағашта «Ораза айт» мерекесіне орай сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Осы ретте Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында…

Read More

Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран»  патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ағалар мен жастардың кездесулерін ұйымдастыру мақсатында ү.ж 13 сәуір күні сағат 10.00-де Жалағаш ауданында және сағат 15.00-де Қармақшы ауданында Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлының жастармен кездесуі өтті. Кездесу  жастарды отансүйгіштік рухқа тәрбиелеу мақсатында және өскелең жас ұрпақтың елін-жерін қорғауға, отан алдындағы борышын абыроймен орындап келу мақсатына бағытталды. Кездесу барысында жастарға отанды сүю, әскери борышын орындаудың маңыздылығын және еліне қызмет ету, жас ұрпақтың…

Read More

Желбіре — менің жалауым!

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 12 сәуір күні Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің «Әскери техникалық мектебі» Қызылорда қаласының филиалында бітіруші мектеп түлектерін және жастар ұйымдарын тарта отырып, ардагерлер мен оларға теңестірілген адамдарға көмек және рухани қолдау көрсету бойынша «Желбіре — менің жалауым!» тақырыбында жастармен патриоттық акция өткізілді. Облыстық қоғамдық даму басқармасы және «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген патриоттық акцияға Қызылорда қаласы бойынша мектеп түлектері, алғашқы әскери дайындық пәнінен беретін мұғалімдері, «Әскери техникалық мектептің» бітіруші курсанттары және олардың ата-аналары қатысты. Акция…

Read More

Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 07 сәуір күні Сырдария ауданында «Ақ отау» жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өткізілді. Экономика ғылымдарының кандидаты, тренер Тажиева Зейнар Достанқызы жанұя берекесін сақтау, бала тәрбиесіне көңіл блу, отбасы бюджетін реттеу жене оларға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында жас отбасыларға бағыт-бағдар берді. Жиналғандарға отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тербиесі, қоғам алдындағы жауапкершілік жайында сөз қозғады. Кейін семинар-тренингке келген жас отбасылардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Шара соңында семинар-тренингке келген жастар тренер Тажиева Зейнар Достанқызына ризашылықтарын, жылы лебіздерін білдіріп, алдағы…

Read More

Алғысымыз шексіз сізге!

Адам тәнінің емшісі, жанының шипагері атанған ақ халатты абзал жандарға қалакй, қакй кезде, қанша алғыс айтсаң де жараса берері сөзі. Өйткені олар бұл өмірдің гүл ғұмырын қорғаушылар, нұр шапағын шашулар, адамзатқа көз алартқан суру сырқаудан сақтандырушы сардар жандар. Міне, сондай саулық сыйын үлестіретін аялу жандардың бірі Қызылорда теміржол ауруханасының әйелдерді көру бөлімі акушері Налибаева Гүлстан Шамсудинқызы.

Read More