Е.Раушанбекұлы
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің басшысы
Қазіргі таңда интернет кеңістігі қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Дегенмен, оның мүмкіндіктерімен бірге жаңа қауіптер де пайда болды. Соның ішінде интернет алаяқтық азаматтардың жеке деректеріне, қаржылық қауіпсіздігіне және киберқауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіруде.
Интернет алаяқтықтың кең таралған түрлеріне:
• жалған сайттар мен хаттар арқылы деректерді иемденетін фишинг;
• сенімге кіріп, құпия ақпарат алуға бағытталған әлеуметтік инженерия;
• тауарсыз сауда жүргізетін жалған онлайн-дүкендер;
• азаматтарды қаржылық шығынға ұшырататын пирамидалар жатады.
Мамандардың айтуынша, интернет алаяқтықтың алдын алу үшін әрбір азамат сақтық шараларын сақтауы тиіс. Атап айтқанда:
• жеке мәліметтерді жария етпеу;
• күмәнді сілтемелер мен хаттарға кірмеу;
• тек ресми қосымшаларды пайдалану;
• электронды құрылғыларды антивируспен қорғап, қосымша аутентификация қолдану қажет.
Интернет алаяқтықпен күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Сандық сауаттылықты арттыру және қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы ғана киберкеңістікті қорғауға болады.