Д.Алиев
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда үш дербес кассациялық сот – азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша – өз қызметіне кірісті. Бұл қадам сот жүйесін жаңғырту және сот төрелігінің қолжетімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.
Жаңа тәртіпке сәйкес, апелляциялық соттың шешіміне келіспеген тараптар 6 ай ішінде кассациялық сатыға шағымдана алады. Алдын ала сүзу рәсімі алынып тасталды, бұл азаматтардың құқықтарын қорғау мүмкіндігін кеңейтеді.
Кассациялық соттар тәжірибелі судьялармен жасақталған. Істерді қарау мерзімі 6 айдан аспайды. Реформа Жоғарғы Соттың жүктемесін азайтып, сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.