Айгерім ЕнсепбаеваОблыстық перинатальды орталығы, босану бөлімінің акушері Жәрдем берушінің басты мақсаты – рухани қолдау, денеге түсетін ауыртпашалаққа демеу болу, босанатын адамға қолайлы, жайлы әсер жасау, яғни ол алдын-ала босану процесін біліп, дайындалып келген адам болу керек. Босанушы әйелдің белін, ішін сипап, нүктесі толғақты жансыздандыратын массаждар жасау, әйелдің дұрыс тыныс алуына, жүріп-тұруына, суын, тамақ ішуіне көмектеседі. Босанушы әйел босанудың І кезеңінде, яғни толғатып жүргенде қандай қалыпта өзінің жақсы сезінетін позасын өзі таңдайды. Оның допқа секіруіне, серіктесінің демеуімен отыруына, жерге жатуына, тізелеп отыруына болады. Босанудың ІІ кезеңі күшену басталғанда да әйелдер осы…
Read MoreРубрика: Қоғам
«Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында сайыстар өткізілді
Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. қазан-қараша айларында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің және Байқоңыр қалалық “Жәрімбет” мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында ұлттық ойын кір көтеру, арқан тарту, қол күресі спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Шараларға 5 командадан қатысып, ұлттық ойын спорт түрлерінен сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды.Сайыс төрешілерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Сайыстар нәтижесінде Жосалы ауданы бойынша І дәрежелі орын…
Read MoreСҰХБАТ АЛАҢДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қараша күні Тасбөгет кентіне қарасты №4 емханада және Көп бейінді облыстық балалар аруханасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлибаевнаның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сұхбат алаңдары өткізілді. Шараның негізгі мақсаты: құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қаржаубаева Ляззат Майлибаевна құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас…
Read MoreСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 08 қараша күні М Ықсанов атындығы Қызылорда политехникалық колледжінде және Қызылорда Авиценна медициналық колледжінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлибаевнаның және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Аида Бекболатқызының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – уақыт талабы» тақырыбында жастардың қатысуымен оқыту семинары өткізілді. Шараның негізгі мақсаты: құқықтық…
Read MoreАрдагер азаматтар арасында турнир өтті
Бүгін облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ардагер азаматтар арасында тастаяқ турнирі өткізілді. Батырларға құрмет көрсетіп, ерлігін елге насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагерлер арасында ұйымдастырылған сайысқа 20-ға жуық ардагер қатысты. Шаршы тақтада шар қуғандар арасында ҮЕҰ-дың ардагерлер өкілдері, Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің, Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісімшарты әскерінің тобы ардагерлері (ГКӘТ, ВКӘТ)» РҚБ облыстық филиалының, «Қызылорда…
Read MoreТараптарды сотқа шақыру тәртібі
Тараптарды сот отырысына шақырып, оны ұйымдастыру хатшының тікелей міндеті. Бұны өз деңгейінде орындау сот отырысының хатшысының біліктігіне байланысты. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар электрондық пошта мекенжайы, сот кабинеті немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін. Электрондық пошта мекенжайы…
Read More«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!»
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24 қазан күні Әскери техникалық мектептің алаңында Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты жастармен патриоттык акция өткізілді. Патриоттық акцияға М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледждің студенттері мен жетекшілері, Қызылорда Авицина Медицина колледжінің студенттері жетекшілері, Қызылорда Болашақ университетінің студенттері мен жетекшілері және Әскери техникалық мектептің курсанттары қатысты. Акция барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып,ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагер ағаларымыз Әскери техникалық мектептің директоры Рахметулла Мұхамбетов, Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы…
Read MoreҰлттық ойын спорт түрлерінен сайыстар өтті
Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 28 қазан күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында ұлттық ойын спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Шараның ашылу барысын Қармақшы ата мешітінің бас имамы Қожанов Рахат сөз сөйлеп, қатысушыларды сайыстың мақсатымен таныстырып, оларға сәттілік тіледі. Шараға 5 команда қатысып, ұлттық ойын спорт түрлерінен сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Сайыс төрешісінің қорытындысы бойынша…
Read MoreЭлектронды сот жүйесі жұмысының дамуы
Еліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріп келеді. Ширек ғасырдан астам уақытта елімізде сот билігі толық қалыптасып, түрлі реформалар жүзеге асты. Соттар заманның заманауи жетістіктеріне қол жеткізді. Республикалық соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды. Яғни, мемлекет басшысының «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар, еліміздегі сот жүйесінің құрылымын одан әрі жетілдіру, сот өндірісін ықшамдау, оның халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігін барынша тиімді етудің жолдарын белгілеп берді. Республикамыздың соттары ақпараттық-сараптамалық жүйені тәжірибеге енгізді. Соттың және сот билігінің беделін нығайту, қоғамда соттың…
Read MoreСоттың оң имиджін қалыптастыру
Судья және сот қызметкерлерінің міндеттерін айқындап олардың азаматтар алдындағы оң имиджін көтеру мәселелері соңғы жылдары жиі талқылануда. Расында, жүгі ауыр осы саланың қоғам алдындағы беделін еселеп арттыратын уақыт келді. Бұл үшін судьялар әрқашан әділ шешім шығарып, әр уақытта барлық мәселені тең ұстауы керек. Судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыстары ұдайы БАҚ беттерінен де жарық көріп отырады. Олармен терең сұхбаттасып, азаматтарды толғандырған мәселелерге жауап алынады. Сондықтан болса керек, Ел Президенті Қ.Тоқаев судьялар мен БАҚ арасындағы байланысты жаңа деңгейге шығару жайлы сөз айтқан болатын. Қазіргі таңда сот саласының басты мақсатының бірі қос тарапты…
Read More