Шиеліде акция өтті

Ү.ж. 27 қыркүйек күні Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік тапсырысына сәйкес СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ қалыптастыру жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» тақырыбында акция өткізілді. Шараның мақсаты: Аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша түсіндіру.Акция барысында Шиелі ауданының сауда орталықтарында, авто тұрақтарда, халық көп шоғырланатын орындарға, сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алған жерлерге 100 дана ақпараттық стикерлер таратылды.

Read More

Жастармен кездесу өтті

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ қалыптастыру әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 21 қыркүйек күні құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі, «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Ізбасарұлы мен Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің жеткеші маманы Тажиков Ермек Каналбекұлының қатысуымен жастармен №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінде, №127 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-лицейінде дөңгелек үстелдер және Шиелі аудандық индустриалды-аграрлық колледжінде кездесу өткізілді. Шараның мақсаты: Аудан тұрғындары арасында құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша түсіндіру. Шара кезінде Дәулет Ізбасарұлы жастарға…

Read More

Жастар мен жас отбасыларға кеңес беру жұмыстары жүргізілді

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен ү.ж. 20 қыркүйек күні Сол жағалау 5а YEҰ-дың ресурстық орталығында жас отбасы және жастарға әр түрлі арнайы сала мамандарының қатысумен жастарға мемлекеттік қолдау бағдарламаларын кеңінен түсіндіру, жастар саясатына мүдделі тараптардың ортасын қалыптастыру мен жастарға қатысты өзекті мәселелерді зерделеу бағытында кеңес беру жұмыстары жүргізілді. «Отбасы банк» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының маманы Найманова Аида Шүмекейқызы депозит ашу, пәтер сатып алу үшін ипотекалық кредит алу, «Отбасы банк» қаражатын пайдаланушыларға қандай да бір жеңілдіктер ұсыну жөніндегі маңызды…

Read More

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинат өтті

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен ү.ж. 18-19 қыркүйек күні М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғарғы колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы «Қызылорда аграрлық техникалық жоғары» колледжі және Медициналық Жоғары Колледжінің мәжіліс залында «Студенттік ортада сыбайлас жемқорлықты жою» тақырыбын семинар өткізілді.Негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде күресу екенін айта келе, облысымызда…

Read More

Ұранды елдің ұрпағы қайсар

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 18 қыркүйек күні Әскери техникалық мектепте «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» тақырыбы бойынша жастар арасында мылтықты бөлшектеп бұзып, қайта жинау әскери сайысы өткізілді. Спорттық сайыстың басты мақсаты: жасөспірім жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру-рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған, мәңгілік елдің іргесін қалау үшін әскери патриоттық тәрбие керек. Бүгінгі жастар білімді де…

Read More

ХҚКО-ға кезекті брондау бұрынғыдан да онайырақ!!!

Яғни, жақын арада халыққа қызмет көрсету орталығына барып мемлекеттік қызмет алу үшін уақыт үнемдеу қажет болса “Халықбанк” мобильдік қосымшасы арқылы алдын ала кезек алуыңызға болады! Ол үшін қосымшаның басты бетіне кіріп мемлекеттік қызметтер бөліміне өтесіз, одан әрі ХҚКО-на кезек брондау қызметін таңдап одан әрі өзіңізге керек қаланы, өзіңізге жақын әрі ыңғайлы ХҚКО және баратын күніңіз бен уакытыңызды таңдайсыз!Оп-онай әрі жылдам!Өз уақытыңызды үнемдеп үйреніңіз!

Read More

Қармақшыда кіші футболдан жарыс өтті

Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз  ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қыркүйек күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің бірлесе отырып Қармақшы ауданында діни бірлестіктер филиалдарына келушілер арасында ұйымдастырылған кіші футболдан жарыс өткізілді. Шараның ашылу барысын Қармақшы ата мешітінің бас имамы Тобжанов Өміржан сөз сөйлеп, қатысушыларды жарыстың мақсатымен таныстырып, оларға сәттілік тіледі. Шараға кент және елді-мекендерден 8 команда қатысып, футбол жарысынан сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Жарыстың үздік ойыншылары  сайыс барысында …

Read More

«Абылай Хан» атындағы жоғары колледжінде дөңгелек үстел өтті

Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жастармен кездесті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ағалар мен жастардың кездесулерін ұйымдастыру мақсатында ү.ж 15 қыркүйек күні сағат 10.00-де «ORDA» жоғары колледжінде және сағат 12.00-де «Абылай Хан» атындағы жоғары колледжінің мәжіліс залында Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жастармен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында жастарға отанды сүю, әскери борышын орындаудың маңыздылығын және еліне қызмет ету, жас…

Read More

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында №1 және №6 қалалық емханалардың мәжіліс залдарында сұхбат алаңы өткізілді

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі,  «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Избасарұлымен бірлесіп, №1 және №6 қалалық емханаларының мәжіліс залдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбын түсіндіру мақсатында сұхбат алаңы өткізілді. Негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде күресу екенін айта…

Read More

Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы ҮЕҰ жетекшілерімен кездесті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 01 қыркүйек күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы  Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өңірде агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге жеткізу мен экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын…

Read More