Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы ҮЕҰ жетекшілерімен кездесті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 01 қыркүйек күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы  Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өңірде агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге жеткізу мен экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру, өңірде жер қатынастары саласының функцияларын жүзеге асыру ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мақсаты болып табылады.

Талғат Тұрсынұлы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бойынша ақпараттар беріп, ҮЕҰ-дың өкілдері тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап берді. Шара кезінде маңызды мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Related posts