
Әр адамның өзіне ғана тиесілі жеке мерекесі болады. Ол, мына жарық дүние есігін ашқан туған күні. Міне, сондай туған күнің бүгінгі иесі, әріптесіміз, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы Күншығарова Алмакүл Жалғасқызы.
Осы мәртебелі мерекесін пайдалана отырып Алмакүл Жалғасқызына зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз. Тәңір сізді ақ жүзді абройлы, биік беделді етіп, шаттыққа шалқытып, бақытқа балқытып ұзақ жасатсын демекпіз. Ортаңызда абройлы, қызметті беделді болып, аңсаған арманға, көздеген мақсатқа жетіңіз. Деніңіз сау болып, ұзақ жасаңыз. Жанұяның шаттығын, бақ құтын беріп, жүзіңізден күлкі айырмасын деп тілейміз. Әлемдегі барлық жақсылықты тілей отырып:
Көктемнің табиғатындай,
Құлпыра бергін, жайнағын.
Бағаңыз алтын затындай,
Теңейміз Сізді айға мың.
Бақыттың құсын мекендер,
Шаттыққа толсын айлағың,-деп игі тілектеріміз арнаймыз. Әріптестеріңіз арасында биік бедел, шад көңіл, зор денсаулықпен шалықтап жүре беріңіз.
Әр адамның өзіне ғана тиесілі жеке мерекесі болады. Ол, мына жарық дүние есігін ашқан туған күні. Міне, сондай туған күнің бүгінгі иесі, әріптесіміз, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы Күншығарова Алмакүл Жалғасқызы.
Құттықтаушылар: Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының ұжымы