Ұранды елдің ұрпағы қайсар

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 18 қыркүйек күні Әскери техникалық мектепте «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» тақырыбы бойынша жастар арасында мылтықты бөлшектеп бұзып, қайта жинау әскери сайысы өткізілді. Спорттық сайыстың басты мақсаты: жасөспірім жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру-рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған, мәңгілік елдің іргесін қалау үшін әскери патриоттық тәрбие керек. Бүгінгі жастар білімді де…

Read More

ХҚКО-ға кезекті брондау бұрынғыдан да онайырақ!!!

Яғни, жақын арада халыққа қызмет көрсету орталығына барып мемлекеттік қызмет алу үшін уақыт үнемдеу қажет болса “Халықбанк” мобильдік қосымшасы арқылы алдын ала кезек алуыңызға болады! Ол үшін қосымшаның басты бетіне кіріп мемлекеттік қызметтер бөліміне өтесіз, одан әрі ХҚКО-на кезек брондау қызметін таңдап одан әрі өзіңізге керек қаланы, өзіңізге жақын әрі ыңғайлы ХҚКО және баратын күніңіз бен уакытыңызды таңдайсыз!Оп-онай әрі жылдам!Өз уақытыңызды үнемдеп үйреніңіз!

Read More

Қармақшыда кіші футболдан жарыс өтті

Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз  ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 16 қыркүйек күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің бірлесе отырып Қармақшы ауданында діни бірлестіктер филиалдарына келушілер арасында ұйымдастырылған кіші футболдан жарыс өткізілді. Шараның ашылу барысын Қармақшы ата мешітінің бас имамы Тобжанов Өміржан сөз сөйлеп, қатысушыларды жарыстың мақсатымен таныстырып, оларға сәттілік тіледі. Шараға кент және елді-мекендерден 8 команда қатысып, футбол жарысынан сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Жарыстың үздік ойыншылары  сайыс барысында …

Read More

«Абылай Хан» атындағы жоғары колледжінде дөңгелек үстел өтті

Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жастармен кездесті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ағалар мен жастардың кездесулерін ұйымдастыру мақсатында ү.ж 15 қыркүйек күні сағат 10.00-де «ORDA» жоғары колледжінде және сағат 12.00-де «Абылай Хан» атындағы жоғары колледжінің мәжіліс залында Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймаханов Қайраддин Әлібайұлы жастармен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында жастарға отанды сүю, әскери борышын орындаудың маңыздылығын және еліне қызмет ету, жас…

Read More

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында №1 және №6 қалалық емханалардың мәжіліс залдарында сұхбат алаңы өткізілді

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі,  «Әділет» құқықтық қызмет көрсету орталығының жетекшісі, Заң консультанты Дәулет Избасарұлымен бірлесіп, №1 және №6 қалалық емханаларының мәжіліс залдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбын түсіндіру мақсатында сұхбат алаңы өткізілді. Негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты алдын алу, нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Айда Бекболатовна мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде күресу екенін айта…

Read More

ШИЕЛІДЕ “ҚАМҚОРЛЫҚ-ШИЕЛІ” ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ!

Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің тапсырысы негізінде “Жалынды жастар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Қамқорлық-Шиелі” орталығы ашылды. Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық-қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлық- зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді.Біз әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткіземіз! Сол мақсатта біз “Қамқорлық-Шиелі” дағдарыс орталығын аштық! Егер сізде қатігездік пен зорлық-зомбылық орын алса төмендегі номерлерге хабарласуыңызды сұраймыз! Орталық жетекшісі-Аликулов АдилЖауапты маман- Мадиярова Шырайлым-87751268787Психолог-Зарина Жарылқасынқызы

Read More

“ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!” СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ, КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

2023 жылғы 31 тамыз күні Шиелі аудандық жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің тапсырысы негізінде “Жалынды жастар” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” семинар-тренингі және кезднсу өтті. “Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету” жобасының мақсаты:Әйелдер мен қыздардың өз әлеуетін толықтай жүзеге асыруға, зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге және өз армандарын орындауға ресурстар мен мүмкіндіктерге ие болатын әлемге бірлесіп қол жеткізу. Шараға Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы өкілдері, орталық мамандары…

Read More

Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы ҮЕҰ жетекшілерімен кездесті

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж 01 қыркүйек күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ҮЕҰ-дың ресурстық орталығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы  Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Өңірде агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге жеткізу мен экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын…

Read More