Тараптарды сот отырысына шақырып, оны ұйымдастыру хатшының тікелей міндеті. Бұны өз деңгейінде орындау сот отырысының хатшысының біліктігіне байланысты. Іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады. Іске қатысатын адамдар, куәлар, сарапшылар, мамандар мен аудармашылар электрондық пошта мекенжайы, сот кабинеті немесе ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де электрондық байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарлануы немесе шақырылуы мүмкін. Электрондық пошта мекенжайы…
Read MoreМесяц: Октябрь 2023
«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!»
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24 қазан күні Әскери техникалық мектептің алаңында Республика күніне орай «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты жастармен патриоттык акция өткізілді. Патриоттық акцияға М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледждің студенттері мен жетекшілері, Қызылорда Авицина Медицина колледжінің студенттері жетекшілері, Қызылорда Болашақ университетінің студенттері мен жетекшілері және Әскери техникалық мектептің курсанттары қатысты. Акция барысында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып,ерлігімен елге танылған алдыңғы буын ардагер ағаларымыз Әскери техникалық мектептің директоры Рахметулла Мұхамбетов, Ауған соғысының ардагері, «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы…
Read MoreҰлттық ойын спорт түрлерінен сайыстар өтті
Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қармақшы ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 28 қазан күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры мен Қармақшы ата мешітінің бірлесе ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында ұлттық ойын спорт түрлерінен сайыстар өткізілді. Шараның ашылу барысын Қармақшы ата мешітінің бас имамы Қожанов Рахат сөз сөйлеп, қатысушыларды сайыстың мақсатымен таныстырып, оларға сәттілік тіледі. Шараға 5 команда қатысып, ұлттық ойын спорт түрлерінен сайысқа түсті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті, және жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Сайыс төрешісінің қорытындысы бойынша…
Read MoreЭлектронды сот жүйесі жұмысының дамуы
Еліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріп келеді. Ширек ғасырдан астам уақытта елімізде сот билігі толық қалыптасып, түрлі реформалар жүзеге асты. Соттар заманның заманауи жетістіктеріне қол жеткізді. Республикалық соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды. Яғни, мемлекет басшысының «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар, еліміздегі сот жүйесінің құрылымын одан әрі жетілдіру, сот өндірісін ықшамдау, оның халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігін барынша тиімді етудің жолдарын белгілеп берді. Республикамыздың соттары ақпараттық-сараптамалық жүйені тәжірибеге енгізді. Соттың және сот билігінің беделін нығайту, қоғамда соттың…
Read MoreСоттың оң имиджін қалыптастыру
Судья және сот қызметкерлерінің міндеттерін айқындап олардың азаматтар алдындағы оң имиджін көтеру мәселелері соңғы жылдары жиі талқылануда. Расында, жүгі ауыр осы саланың қоғам алдындағы беделін еселеп арттыратын уақыт келді. Бұл үшін судьялар әрқашан әділ шешім шығарып, әр уақытта барлық мәселені тең ұстауы керек. Судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыстары ұдайы БАҚ беттерінен де жарық көріп отырады. Олармен терең сұхбаттасып, азаматтарды толғандырған мәселелерге жауап алынады. Сондықтан болса керек, Ел Президенті Қ.Тоқаев судьялар мен БАҚ арасындағы байланысты жаңа деңгейге шығару жайлы сөз айтқан болатын. Қазіргі таңда сот саласының басты мақсатының бірі қос тарапты…
Read MoreРЕСМИ ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ
Халықаралық қарым-қатынастардың терең дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан шыққан құжатты екінші мемлекеттің аумағында ұсыну қажеттілігі туындап жатады. Құжаттың заңды маңыздылығын қалай растауға болады және ол үшін не қажет? Осы сұрақпен құзырлы орындарға жүгінетін азаматтар аз емес. Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба (штамп). Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)…
Read MoreЕНДІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО-ЛАРДА ТЕОРИЯЛЫҚ ЕМТИХАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтихан тапсырудың жаңа ережелері енгізілді. Енді емтихан қабылдаудағы ұйымдастырушылық-технологиялық процестерін Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұрын мұны аутсорсингтік компаниялар жасайтын еді. Бұл жаңашылдық «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-ларда клиенттердің сапасыз қызмет көрсету туралы шағымдарның жиі түсуімен байланысты. Осындай келеңсіздіктерді жою үшін Мемлекеттік корпорация тестілеу үдерісін дербес ұйымдастыруға шешім қабылдады. Осылайша, тестілеудің сапасы ғана емес, қауіпсіздігі де артады. Бұл ретте, бұрын теориялық тестілеу Жол қозғалысы ережелері 2.0 жүйесі арқылы жүргізілгенін атап өтеміз. 16 қазаннан бастап Мемлекеттік корпорация жол қозғалысы ережесінің жаңа 3.0 жүйесіне көшті. Оның арқасында…
Read MoreҚұлдық қамыты, құқық пен қылмыс
Біз зайырлы, құқықтық мемлекетпіз. Ата Заңымыздың басында ел байлығы адам және адамнің өмірі мен денсаулығы деп анық көрсеткен. Ал, біз сөз етіп отырған адам саудасы, бостандығы мен еңбегін пайдалану, яғни өзгені құлдыққа түсіру, құқығын бұзу – кешірлмес қылмыс. Сарапшылардың пікірінше, адам саудасы заңсыз әрекеттердің ішінде табыс көлемі бойынша үшінші орында тұр екен. Яғни, адамдарды сату, пайдалану, азғыру, тасымалдау немесе жасыру әрекеттерімен байланысты қылмыстар. Тиісінше мұның жазасы да жеңіл емес. Әлемдік қауымдастық болса адам саудасы құрбандары жасарып бара жатқанын айтып отыр. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 7-бабында «мәжбүрлі еңбек» жайында былай түсіндіреді…
Read More25 қазан – Республика күні
Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 24 қазан күні «25 қазан – Республика күніне» орай ел дамуына елеулі еңбек сіңіріп, азаматтық ұстанымдарын еліміздің саяси дамуына жұмсап жүрген бірқатар азаматтық қоғам өкілдерін марапаттады. Басқосуда қоғамдық даму басқармасының басшысы жиналғандарды мерекемен құттықтап, аймақ дамуы жолында сіңірген еңбектері үшін алғыс айтты.Салтанатты шарада аймақтың элеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып, ірі әлеуметтік жобаларды, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген өңірдегі бірқатар кәсіпкер,…
Read More25 ҚАЗАН — РЕСПУБЛИКА КҮНІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Қызылорда қалалық №4 бөлімі қызмет алушыларды 25 қазан — Республика күнімен құттықтады.
Read More