Электронды сот жүйесі жұмысының дамуы

Еліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріп келеді. Ширек ғасырдан астам уақытта елімізде сот билігі толық қалыптасып, түрлі реформалар жүзеге асты. Соттар заманның заманауи жетістіктеріне қол жеткізді. Республикалық  соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды.

Яғни, мемлекет басшысының «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар, еліміздегі сот жүйесінің құрылымын одан әрі жетілдіру, сот өндірісін ықшамдау, оның халық үшін ашықтығы мен қолжетімділігін барынша тиімді етудің жолдарын белгілеп берді.

Республикамыздың соттары ақпараттық-сараптамалық жүйені тәжірибеге енгізді. Соттың және сот билігінің беделін нығайту, қоғамда соттың әділдігіне, бейтараптығына және тәуелсіздігіне сенімді орнықтыру және сот төрелігінің жариялылығы мен ашықтық қағидасын іске асыру үшін сот процестерінде аудио-бейнежазба жүйелері қолданылуда.

Электронды сот төрелігі соттардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, сот ісі жүйесін автоматтандыруды жеделдетеді. Соттарда электронды технологияларды қолдану – процеске қатысушы азаматтарға қолайлы жағдай жасауды, сонымен қатар сот актілерінің сапасын көтеру мен істерді қарау мерзімін жылдамдатады және сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді.

Заңды және жеке тұлғалар  арыздарын «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы беруге мүмкіндігі бар.

Сот кабинеті – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналатын, сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

Қазіргі уақытта «Сот кабинеті» бағдарламасының мобильдік қосымшасы жұмыс істеуді. Бұл сот жұмыс ашықтығы мен жариялылығын жетілдіре түседі.

Жұртшылықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

М.Кулимова
Қызылорда қаласының №2 сотының
бас маман сот отырысының хатшысы

Related posts