КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕРМЕН КЕЛІСІМ-ШАРТТАР ЕНДІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қызылордада коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісім-шартты автоматты түрде іске асыратын онлайн сервис жұмыс істеуде. Бұл жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыруда. Енді тұрғындардың келісім-шарт толтыруға уақыты кетпейді. Барлық процестерді онлайн түрде іске асыра алады.Осылайша тұрғын үй сатып алғаннан кейін азаматтарға iOrda.kz сайты арқылы автоматты түрде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласымен шарт жасасу мүмкіндігі туралы сілтемесі бар SMS хабарлама келеді.Үй иесі келісім берген жағдайда мүлік туралы деректер алынады.Әрі қарай клиент электронды үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы қызмет нәтижесін көре алады. Атап өту қажет, бұл жоба «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын…

Read More

Қытайда берілген ресми құжаттарды апостилдеу

Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын Конвенция ҚХР-ға қатысты 2023 жылғы 7 қарашадан бастап күшіне енді. Қытайдың Қазақстанда пайдалану үшін беретін ресми құжаттары бұдан былай консулдық заңдастыру рәсімінен өтпейді, оның орнына қосымша сертификаттар (апостиль) берілетін болады. Сертификаттар (апостиль) оған елтаңбалы күміс түсті мөр бекітілген жапсырма түрінде ресімделеді (жапсырма және мөр форматы қоса берілген).  Қытай СІМ-і мемлекет ішінде сертификаттар (апостиль) беру бойынша уәкілетті орган болып табылады. Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қытайдың орталық үкіметіне тікелей бағынатын тиісті провинциялардан, автономиялық аудандардан және муниципалитеттерден тыс, Сыртқы Істер Министрлігі және муниципалды халық үкіметінің кейбір…

Read More

Мобильді азаматтар базасына тіркелу тәртібі

Мобильді азаматтар базасы – бұл бір реттік құпия сөзді қолдану арқылы мемлекеттік қызметтер алу, қызметтерге қол қою немесе авторизациялау кезінде SMS парольдерін жіберу үшін қажет пайдаланушылардың ұялы телефондарының бірыңғай базасы. Cонымен қатар, өз нөмірлерін МАБ-да тіркеу арқылы азаматтар проактивті және композиттік мемлекеттік қызметтерді ала алады.     Мобильді азаматтар базасының қатысушы болмасаңыз Сізде мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндік болмайды. МАБ-на тіркелудің бірнеше тәсілі бар. Халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімдерге  келіп оператор қызметіне жүгіну арқылы бар-жоғы бес минуттің ішінде мобильді азаматтар базасына тіркелуге болады. Мобильді азаматтар базасында «egovmobil» порталы арқылы тіркелу үшін басты бетте «Жеке кабинетке» кіріп бейнеқоңырау  батырмасын басу қажет,  одан…

Read More

Шиеліде аудандық семинар-тренинг өтті

Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету» әлеуметтік жобасы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды. Шараға АПБ-нің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері Сактаганова Фарида Алиакбаровна, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, психолог Аймаханова Назира Кенжебекқызы, аудандық әйелдер кнңесінің төрайымы мен өкілдері, жоба үйлестірушісі Мадиярова Шырайлым мен Әділбекқызы Меруерт қатысты. Семинарда психолог Назира Аймаханова, сала мамандары және қатысушыларға психологиялық жаттығулар ұйымдастырып, «Қамқорлық — Шиелі» дағдарыс орталығының жұмысы туралы айтып өтті.

Read More

Прокуратура — құқық қорғау органдарының түпқазығы

Бүгінгі күннің болмысы Республиканың мемлекеттік-құқықтық институттарының жүйесі ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясының сақталуын мемлекеттін атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа карсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Заңымен «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі кездейсоқтық емес. Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерін қарастыра отырып, мыналарды есте сақтау кажет: біріншіден, прокурорлық кадағалау — бұл…

Read More