Азаматтар үшін сот жүйесін жеңілдету және қол жетімді ету мақсатында бірден бір ақпараттық сервистік қызмет- сот кабинеті. Сот кабинеті арқылы сотқа талап арыз, өтініштер, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу және беру, мелекеттік алымдарды онлайн түрде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі секілді әрекеттерді жүзеге асыруға болады. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматына үйден шықпай ақ «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы елдің кез келген сотына талап арыз немесе өтініш беріп кейіннен оның қаралу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда еліміздің сот саласында енгізіліп жатқан …
Read MoreМесяц: Декабрь 2023
«Сот кабинеті» сервисінің тиімділігі
Бүгінде ғаламтордың, ақылды техниканың зор мүмкіндерін сот саласы да қарастырып, жан-жақты қолдануда. Соның бірі – «Сот кабинеті». Ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді. Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ сотқа жүгініп, Жоғарғы Соттың ресмисайты арқылы өз құжаттарын бере алады. «Сот кабинеті» – Қазақстан Республикасы соттарының электрондық нысандағы қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі. Сервис азаматтық және қылмыстық істер бойынша электрондық арыздарды, өтініштер мен шағымдарды беруге арналған. Осы шарттың талаптарын қабылдаған, сот кеңсесінде тіркелген және Республиканың қолданыстағы заңнамасы шеңберінде сот істері мен материалдары бойынша апелляциялық шағым…
Read MoreҚорық аумағын қорғау және тәуліктік кезекшіліктің маңызы
Мемлекеттік табиғи қорық – табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты – өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарының, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерттеу және оларды қалпына келтіру болып табылады. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының жалпы көлемі 163126 гектарды алып жатыр, ал күзет аймағы – 52160,54 га құрайды. Қорық 3 кластерлік учаскеден құралған: «Барсакелмес», «Қасқақұлан» және сулы-батпақты «Дельта» учаскелері. Қорықтың күзет қызметін 15 мемлекеттік инспекторлар жүргізеді. Қорық режимін…
Read MoreМемлекеттік инспектор – жауапты қызмет
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түрі жойылып кету қаупінің алдында тұр. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс» деген болатын. Әсіресе, Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтап қалудың маңызы зор. Осындай маңызды іспен еліміздің Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесі айналысады. Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Табиғат қорғау ұйымдарының күзету жөніндегі іс-шаралары ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, өрттердiң алдын алуды,…
Read MoreАрал теңізіндегі Қызыл кітапқа енген балық түрлері
Арал теңізінің апаттық жағдайы салдарынан 60-жылдардың соңында Арал теңізі ихтиофаунасындағы жартылай өрістегіш балықтардың уылдырық шашатын орындарының жағдайы өте нашарлады. 1971 жылдан бастап теңіздің ашық бөлігіндегі судың орташа тұздылығы 12 ‰ көрсетіп, олардың ересек балықтарға кері әсер етуінің алғашқы белгілері пайда болды. Балықтырдың көптеген түрлерінің өкілдерінің өсу қарқыны бәсеңдеп, олардың сандары күрт азайды. 70-жылдардың ортасына қарай теңіздің орташа тұздылығы 14 ‰ асып аралдық балықтардың табиғи түрде өнуі толығымен бұзылды, сөйтіп, 70-жылдардың екінші жартысында балықтардың көптеген түрлерінің популяциясында ұлғаюлар болған жоқ. Осылайша, өткен ғасырдың 70-жылдары Арал теңізіндегі жергілікті кәсіптік ихтиофаунаның толығымен жойылып…
Read MoreӨндірістік маңызы бар балық түрлері
Каспий мен азов-қаратеңізі ихтиофаунасымен салыстырғанда Арал теңізі ихтиофаунасының өзіне тән ерекшелігі – оның түрлерінің күрт азайуы мен айтарлықтай шамада суының тұщылығы және эвригалидті сипатта болуы. Мұнда теңізге тән балықтардың мүлдем болмауы тек Арал суының тұзды құрамымен ғана түсіндірілмейді. Г.В.Никольскийдің пікірі бойынша, бұрынырақта Арал теңізінің ихтиофаунасы әлдеқайда мол болып, тек бұдан кейін теңізідің толық тұщылану жайтынан балықтардың түрлік құрамының жұтауына әкелді.Балық шаруашылығы ғылымы қалыптасу кезеңінің басында кәсіпшіліктің жаңа нысандарын жерсіндіру жолдары арқылы Арал ихтиофаунасын қайта құру (реконструкция) мәселелеріне аса назар аударылған.Осылайша, 1927 мен 1991 ж.ж. жүргізілген жерсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Аралда балықтың…
Read MoreҚаскерлікті болдырмау
Табиғатты қорғау — қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.Қорықтар –…
Read More«Парктер шеруі» республикалық табиғат қорғау акциясы
Жастарымызды Жерін қадірлеп, табиғатын қорғай білуге баулу үшін, халқымыз табиғат қорғаудан хабардар болып, ат салысуы үшін елімізде «Парктер шеруі» акциясы жылма-жыл өткізілуде. Акция барысында көптеген іс-шаралар жүреді. Бұған республикамыздың барлық қорықтары, ұлттық парктері, қорғалымдар т.б. белсенді қатысады.Біздің елімізде «Парктер шеруі» акциясы мектеп оқушылары мен жасөспірімдерді отансүйгіштік пен табиғатты аялауға баулуда, туған өлкесіне жанашырлықпен қарауға тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, жергілікті халық арасында табиғи ортаны ластамауға, дала және орман өрттерінің алдын алуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында таптырмас құрал.Марштың мақсаты – қорықтар мен ұлттық парктерге қоғамдық қолдау көрсету.«Парктер шеруі» тұрғындарға не…
Read More«Даму» Қоры – шағын және бизнесті қолдау операторы
Арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы мемлекет отандық өндірістің дамуын ынталандырады. Ол мемлекеттік бағдарламалардың операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидия, кепілдік, сондай-ақ серіктес қаржы ұйымдары арқылы жеңілдікпен несиелеу құралдары арқылы қолдау көрсетеді.Қор кәсіпкерлерге республикалық бюджеттен қаражаты есебінен қолдау көрсетеді. Қор қызметін бастаған күннен бастап бүгінге дейін бағдарлама таңдаудан бастап, жоба жүзеге асқанға дейінгі сүйемел көмек ТЕГІН.Анықтама: мемлекеттік қолдауға өтінімді «Даму» Қоры онлайн ресурстар арқылы қабылдайды және ол қызмет тегін, қандай да бір сыйақыны талап етпейді.«Даму» Қоры мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде толық ақпарат алу үшін 1408 нөміріне (колл-орталыққа кез келген…
Read MoreКоммуналдық қызмет көрсетушілермен келісім-шарттар енді автоматты түрде жүргізіледі
Қызылордада коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісім-шартты автоматты түрде іске асыратын онлайн сервис жұмыс істеуде. Бұл жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс әкімдігімен бірлесіп жүзеге асыруда.Енді тұрғындардың келісім-шарт толтыруға уақыты кетпейді. Барлық процестерді онлайн түрде іске асыра алады. Осылайша тұрғын үй сатып алғаннан кейін азаматтарға iOrda.kz сайты арқылы автоматты түрде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласымен шарт жасасу мүмкіндігі туралы сілтемесі бар SMS хабарлама келеді. Үй иесі келісім берген жағдайда мүлік туралы деректер алынады. Әрі қарай клиент электронды үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы қызмет нәтижесін көре алады.Атап өту қажет, бұл жоба «Бірыңғай мемлекеттік…
Read More