Аса ауыр қылмыстық істерді қарайтын соттың ерекшелігі

Г.СайджаппароваҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Аса ауыр қылмыстық істерді қарау – сот қызметінің ең жауапты бөлігі. Мұндай істерді әдетте алқалы сот құрамы немесе қазылар алқасы қарайды. Сот процесінде қорғаушының қатысуы міндетті, себебі айыпталушының құқықтарын сақтау бірінші орында тұрады. Сот әрбір дәлелді жан-жақты зерттеп, тек заңды жолмен алынған айғақтарға сүйенеді. Кей жағдайларда сот отырысы ашық өтеді, бірақ мемлекеттік құпия немесе кәмелетке толмағандарға қатысты болса – жабық түрде жүргізіледі. Аса ауыр қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдер айыпталушының тағдырын түбегейлі шешеді, сондықтан соттың әділдігі мен…

Read More

Қазақстан Конституциясына – 30 жыл

Д.АлиевҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Биыл еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толып отыр. 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция – мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтып, демократиялық дамудың берік іргетасына айналды. Конституция – халқымыздың ерік-жігерін білдіретін басты құжат. Онда Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесі айқындалған. Әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілдігі, заңның үстемдігі мен билік тармақтарының теңгерімі осы құжатта көрініс тапқан. 30 жыл ішінде Ата Заң елдің саяси тұрақтылығы мен экономикалық дамуының негізін қалады. Конституцияның арқасында елімізде азаматтық қоғам қалыптасты, адам құқықтарын…

Read More