Аса ауыр қылмыстық істерді қарайтын соттың ерекшелігі

Г.Сайджаппарова
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы

Аса ауыр қылмыстық істерді қарау – сот қызметінің ең жауапты бөлігі. Мұндай істерді әдетте алқалы сот құрамы немесе қазылар алқасы қарайды. Сот процесінде қорғаушының қатысуы міндетті, себебі айыпталушының құқықтарын сақтау бірінші орында тұрады.

Сот әрбір дәлелді жан-жақты зерттеп, тек заңды жолмен алынған айғақтарға сүйенеді. Кей жағдайларда сот отырысы ашық өтеді, бірақ мемлекеттік құпия немесе кәмелетке толмағандарға қатысты болса – жабық түрде жүргізіледі.

Аса ауыр қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдер айыпталушының тағдырын түбегейлі шешеді, сондықтан соттың әділдігі мен заңдылықты қатаң сақтауы басты ерекшелік болып табылады.

Related posts