Ағылшынша сайыста, алға шықты өрендер

Көздерiнде от ойнар,Сөздерiнде жалын бар,Жаннан қымбат оларға ар,Мен жастарға сенемiн! Деп Мағжан ақын жырлағандай қазақ жастарына деген сенім мен үміт ешқашан аласармақ емес. Соның бір ғана дәлелі кеше ғана Катар елінің астанасы Доха қаласында болған олимпиада топ жарған біздің өрендер.Иа, біздің өрендеріміз ағылшын тілі бойынша Катар, Индия, Болгария, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен келген оқушылармен сайысқа түсті, тағы да шаң қаптырып кетті. Аталған олимппиаданың І туры өткен жылдың Эгипедтің Шарм Эль Шейх қаласында өткен болатын. Ол кездеде талайды қапы қалдырған болатын. Енді міне ІІ турында да шоқ жұлдыздай жарқырады.Астана қаласының AMAkids…

Read More

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Ресми құжаттарға апостиль қою-бұл құжатқа қол қойған адамның қолының түпнұсқалығын куәландыру және оның өкілеттіктерін растау, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растау процесі. Апостиль-бұл құжатқа қол қойған тұлғаның қолының түпнұсқалығын куәландыратын және осы тұлғаның өкілеттігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба. Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою қызметі Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) негізделген және бірқатар нормативтік құқықтық актілер мен реттеледі. Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жоятын Конвенцияның 5-бабына сәйкес тиісті түрде толтырылған апостиль…

Read More

Мемлекеттік қызметші ел айнасы

Н.КамаловЖаңақорған  аудандық  сотыныңжетекші маманы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 23-маусым-Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді. Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті –халыққа адал қызмет ету.Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ  жаратын» әділ болулары қажет. Мемлекеттік қызметші өз еліндегі тікелей міндеттерін орындаудан басқа, отбасында, қоршаған ортаға, адамдармен ортақ тіл табысуға                                            және  жан-жақтыға  үлгі  болуға  тиіс. Мемлекеттік қызмет-ең әуелі  үлкен жауапкершілік, біліктілік пен үнемі шыңдауды талап етеді.Адам жеке тұлға ретінде өзін-өзі тұрақты жетілдіріп,  алға ұмтылып отыруы  қажет. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді.Оның ар ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін…

Read More

Ресми құжаттарға қол қою «Апостиль»

Нысанбаева АйқызЖаңақорған аудандық сотының бас маманы Апостиль (Apostille) — ресми құжаттарға қойылады және құжатқа қол қойған уәкілетті тұлғаның қойған қолының туралығын және осы құжатқа басылған мөрдің түпнұсқалылығын куәландыратын арнайы мөртаңба. Апостиль құжаттардың түпнұсқаларына, нотариаттық куәландырылған көшірмелерге, нотариаттық куәландырылған аудармаларға қойылады. Апостиль – құжаттамаға қол қойған  адамның  қолын  және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ  осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын  растайтын  арнайы  мөртаңба ( штамп). Кез келген  құжат ұсынушының өтініші  бойынша  құжаттың мәтіннен бос орында не оның арғы бетінде қойылады және уәкілетті мемлекеттік органның елтаңбалық мөрімен  бекітіледі. Апостиль қою үшін ұсынылатын құжаттар  анық…

Read More

ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

2024 жылдың 19 наурызы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жетекші маманы Г.Мұрат ZOOM платформасы арқылы корпорацияның барлық қызметкерлерімен кездесіп, өңірлік резервке іріктеу тәртібі бойынша түсіндірме жүргізген болатын.Айта кету қажет, 1-31 наурыз аралығында кадр резервіне құжат қабылдау https://onir.pkrezerv.gov.kz онлайн платформасында жүргізіледі.Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және үш жыл еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Read More

Мемлекеттік тіл – бірлік пен татулық кепілі

А.БАХЫТЖАНҚЫЗЫ,Қызылорда қаласының№2 сотының бас маманы Тіл халықтың  жан  дүниесі,рухани  негізі мен ел еркіндігін,ұлттың ұлылығын  танытатын басты  күш. Ұлт болмысын  ұғындырып, жалпы  жұртты  төңірегіне топтастырушы,біріктіруші ретінде  де саналады. Сондықтан  мемлекеттік  тілді  білу  өмір  талабы,заман  сұранысы, қоғам  қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын  кеңейту  жолында әрбір Қазақстандық  өзінің  азаматтық  міндетін   атқарғанда  ғана ол нәтижелі  келеді. Өзге өркениетті елдерде мемлекеттік тілдің мәртебесі қандай  болса, бізде де  сондай болады.Халықтың  мәдениеті оның   тілімен  жасалатыны белгілі. Тіл тек  қана қатынас  құралы емес,  ұлттың  бар сипатын  анықтайтын   оның негізгі кілті, дегеннің  өзі біраз  жайды …

Read More

Болашақтың кілті – ақпарат технологиясы

Раушан Тулебаева Зарылкасынқызы Қызылорда қалалық соты әкімшісінің бас маман  — сот отырысының хатшысы           Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр.            Адамзат білімге негізделген дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Қазіргі уақытта ақпарат қоғам өмірінде жетекші орын алатын принципті жаңа жағдай пайда болды. Ақпараттық технологиялар өмірді соншалықты жеңілдетті, енді көп күш жұмсамай-ақ, азық-түлікке тапсырыс беруге, тұрмыстық қызметтерге ақы төлеуге, соңғы жаңалықтарды білуге, бізден мыңдаған шақырым жерде тұратын адамдармен байланыста болуға, сонымен қатар…

Read More

ҚАЗАҚСТАДА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО-ға КЕЗЕКТІ БРОНДАУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІ ТАНЫМАЛДЫҚҚА ИЕ БОЛУДА

Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға «ХҚКО» қосымшасы арқылы 8 мыңнан астам өтініш түскен. Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады.Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала брондалған уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті тапсырғаннан…

Read More

Ана мен бала құқығы – бақытты елдің кепілі

Маржан АқынбекҚызылорда қалалық сотының судьясы Елімізде ана мен баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекетіміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі болып саналады. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған. Сонымен қатар, балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі болғандықтан, олардың құқығы қорғалуы тиіс. Қазақстан аумағында балаларды тәрбиелеудегі қатынастарды реттеуде  – Қазақстан Республикасы Азаматтық-процестік кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексін, «Бала құқықтары туралы» Заңын басшылыққа алады. Аталған нормативтік құқықтық актілерде балалардың әлеуметтік және материалдық құқықтары анықталған. Бұл заңда балалар мүддесіндегі мемлекеттік саясат мақсаттары, олардың…

Read More

Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-ға кезекті брондаудың жаңа әдісі танымалдыққа ие болуда

Мамандандырылған ХҚО-да емтихан тапсыру үшін кезекке тұруға «ХҚКО» қосымшасы арқылы 8 мыңнан астам өтініш түскен. Енді азаматтарға алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін орталыққа хабарласудың қажеті жоқ. Олар мұны қосымшаның «Бейне қызметі» батырмасы арқылы онлайн жасай алады. Қызметтің арқасында азаматтар уақытын айтарлықтай үнемдей алады. Мәселен, бұған дейін теорияны тапсыру үшін көрсетілетін қызметті алушы мамандандырылған ХҚКО-ға келіп, талон алып, кезекте тұруы, оператордан өтініш беріп, содан кейін ғана емтихан сыныбына өтуі қажет болатын. Енді бұл кезеңдерден өтудің қажеті жоқ. Клиент алдын ала брондалған уақытта теориялық емтиханға тікелей келе алады. Ал теорияны сәтті…

Read More