Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпаратты беру

Құқықтық статистика органдары «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпаратты беру» мемлекеттік қызметін а.ж. ақпан айынан бастап жүзеге асыруда, адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді беру қағидаларына түсіндірме түзету енгізілді.
Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы барлық ақпараттық жүйеде тіркелген мәліметтер көрсетіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағаны туралы мәліметтерді ұсыну «Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жүзеге асырылады.
Соған байланысты, мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Азаматтар/Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту/Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу бөлімінде алуға болады.
Қызметтің орындалу мерзімі – 10 (он) минут, қосымша айқындамалық тексеру жағдайларында – 5 (бес) жұмыс күн.

Related posts