ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ БІР КҮНІ

Жастар арасында әскери қызметке деген қызығушылықты күшейту және патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Қызылорда қалалық С. Шаухаманов атындағы №9 мектебінің 11 сынып оқушылары және облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жастарына Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімі есігін айқара ашты. Оларды әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Караманов Берік Азаматұлы, қарсы алып әскери бөлімнің тарихы және өзінің жауынгерлік жолы туралы айтып берді. Ашық есік күні – біздің әскери бөлім үшін нағыз мереке. Жастарды офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметкерлер, әсіресе сарбаздарымыз жылы қарсы алып, олардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын болды. Әскери бөліміміздің дәстүрлі Ашық есік күніне жиналғандар көп болды.…

Read More

Кассациялық соттардың құрылуы мен олардың қызметі туралы

Елімізде 01.07.2025 жылдан бастап Астана қаласында Кассациялық соттар құрылады. Мемлекет басшысы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша тәуелсіз кассациялық соттар құруды көздейтін заңға қол қойды. Кассациялық соттар азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарын  сақтауға, олардың  құқықтарын қорғауға оң әсер ететін болады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кассациялық сотты жасақтау жөніндегі тапсырмасынан соң жүзеге  асуда. Тәуелсіз кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Кассациялық сот азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер  бойынша тек Астанада ғана құрылады. Кассациялық сотқа, апеляциядан әділдік  таппағандар  шағымдана  алады.  Бүкіл облыстан  аппеляциядан  қаралғаннан  кейін, …

Read More

«Еуро хаттама» мобильді қосымшасы іске қосылды

2024  жылдың 1 қаңтарынан бастап ұсақ жол-көлік  оқиғасына тап болған жүргізушілерге арналған «Еуро хаттама» бағдарламасы  іске қосылды. Бұл ұсақ жол-көлік  апатына  тап  болған жүргізушілердің ымыраға келуіне мүмкіндік беретін, жеңілдетілген тәртіппен реттеу–Еуро хаттама рәсімі енгізілген. Жол-көлік оқиғасына қатысушының екеу де өздерінің ұялы телефондарына «Еуро  хаттама» қосымшасын  немесе сақтандыру ұйымының  сайтына жүгінуге тиіс. Тіркеу рәсімінен өтіп, жол-көлік оқиғасының фото материалдарын қоса тіркеу қажет. Сақтандырушылар автокөліктердің соқтығысу фактісі мен келтірілген залалдың мөлшерін  растайтын  қосымша материалдарды сұрамайтындай жіберілген  фотосурет сапалы болуы тиіс. Жол-көлік оқиғасы орнына полиция қызметкерін шақырмай ақ көлік  иелері екеуара келісіп онлайн …

Read More

Ардагерді ардақтаймыз

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран!» әлеуметтік жобасы аясында,«Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі мамандарының  ұйымдастыруымен,  Шиелі аудандық «Арман» мәдениет үінде 2024 жылдың  «25 қазан –Республика күні» ұлттық мерекесіне орай,  «Ардагерді ардақтаймыз»   тақырыбында,  Шиелі аудандық үкіметтік емес ұйымдардың ардагерлердің арасында мәдени шараөткізілді.   Аталған шараның алғы сөзін алған Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары Ибраев Уалихан Серікұлына және Шиелі ауданы қоғамдық даму бөлімінің жетекші маманы Тәжіков Ермеккеберілді. Сонымен қатар үкметтік емес ұйымдарының төрағалары алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды.       Одан кейін Шиелі аудандық үкметтік емес ұйымдарының төрағаларына сөз берілді. 1. Қалдыбаев Жақсылық Нақыпұлы — «ӨМІР ШАМШЫРАҒЫ» Чернобыль атом электр…

Read More

Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың тұрақтылығын және еліміздің дәйекті дамуынқамтамасыз ету жолындағы стратегиялық басымдықтарды айқындап берді. Сондай-ақ бас құжатта заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге және саяси жүйенің тиімділігін арттыруға арналған маңызды міндеттер де нақтыланып, белгіленді.  Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ел дамуы үшін маңызды 9 стратегиялық бағыт айқындалды. Олардың қатарында ақша-несие және салық саясатыарасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті арттыру, ұлт денсаулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттікбасқару ісінің тиімділігін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру сияқты маңызды тақырыптар көтерілген. Әділетті Қазақстанды адал азаматтарқұрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланыстыұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адалеңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістіккежетеді, құрметке ие болады. Ұлы…

Read More

Кассациялық сот

Бүгінде сот жұмысының сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені белгілі. Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкпе-реніші болатыны рас. Бірақ дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырысын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша қолға алынған шаралар сот жұмысына деген наразылықты біршама төмендеткен еді.  Жоғарғы Сот бұл нәтижемен тоқтап қалмай, төрелікке деген сенімді қалыптастыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда. Мәселен, келер жылы елімізде кассациялық сот құрылады. Кассациялық соттарды құру мәселесі сот саласының ортасында ғана емес, қоғамда талқыланып жатыр. Осы орайда кассациялық соттың мәртебесі және маңыздылығы туралы аудандық…

Read More

Қазақстан Республикасы судьяларының ІХ съезі

Қазақстанның соты тәуелсіздік жылдарында үлкен даму белестерінен өтті. Осы жылдар ішінде үздіксіз жүзеге асырылған реформалар саланың аяғынан тік тұрып, өзіндік бет-бейнесін қалыптастыруына, жұмысын жүйелеуіне ықпалын тигізді. Соттың беделін биіктетіп, судьялар тәуелсіздігін нығайтуда жыл сайынғы Президент Жолдаулары мен әр төрт жыл сайын ұйымдастырылатын республика судьялары съезінің орны зор. Жолдаулар отандық сотты халықаралық талаптарға сай жаңғыртуға, заңдардың сапасын көтеруге, сот пен судьяға деген сенімді нығайтуға көмектесетін сауатты бағыт-бағдар нұсқауымен бағалы болса, съездер саладағы мәселелерді әріптестермен кеңесе отырып бірігіп шешуге, өзара тәжірибе алмасуға, шеберлікті шыңдауға, аға буын мен кіші буын арасындағы байланысты нығайтуға,…

Read More

1 қазан  – Халықаралық қарттар  күніне орай  «Ардагерін ардақтаған ел ардақты» тақырыбында   облыстық конференцияөткізілді

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы негізінде «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран!» әлеуметтік жобасы аясында, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі мамандарының  ұйымдастыруымен,  облыстық жастар ресурстық орталығының   залында    2024 жылдың  30 қыркүйекте, 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, «Ардагерін ардақтаған ел ардақты»   тақырыбында,  үкіметтік емес ұйымдардың ардагерлердің арасында облыстық конференция өткізілді.   Облыстық конференция Қазақстан  Республикасының  Әнұраны орындалуымен басталды.  Аталған шараның алғы сөзін алған Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысының орынбасары ӘБІЛДАЕВ Қуаныш Әділбайұлына берілді. Одан кейін Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің орынбасары  ОРЫНБАЙҰЛЫ Марат «Жастарды Отан сүйгіштікке баулу» тақырыбында, төтеншежағдайлар…

Read More

Апостильдеу тәртібі

А. ӘуелбекҚызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі шешім қабылдайды. Олардың кейбіреулері біздің елден тыс, яғни шет жерлерде де талап етілуі мүмкін. Қандай да сот актісі ресми құжат мәртебесіне ие болу үшін, яғни ол шет мемлекеттерге жолданар алдында міндетті түрде заңдастырылады, апостиль қойылады. Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады. Апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға…

Read More

Тілге құрмет – елге құрмет

Ұлттың тілі сол елдің өмірлік мұраты әрі алтын тұтқасы. Халық тілімен бойындағы бар асылды ұрпағына дарытады. Қай кезеңде болмасын тіл ұлттың қазынасы болған әрі бола да береді. Тілінің қадірін түсіне білмеген халқының қамын қамдай қоймас. Мемлекеттік тіліміздің әсем де әуезділігі, естіген жанды елітіп, бойды баурап алар сыйқыры бар. Тарих толқынында атты кітапта «дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат  не бар…

Read More