Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр.Оған осы тоқтау қрймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды.Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттің саясатының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.Қоғамның барлық күш жүгерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі таралмауы үшін оған бөгет болудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде түбегейлі қарсы тұруға болады.
Сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Осы аталған салада Заңның мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлықтардан туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.Жемқорлық — мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі — ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді.Онымен күрес әрбір азамат үшін ортақ парыз. Аталмыш заңсыздықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген.
Қоғамның барлық саласына еніп бара жатқан, оған батыл тосқауыл қойып, зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі. Осындай келеңсіз құбылыстармен үздіксіз күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы деп ұғынған жөн.
Құлқынның қамын ойлағандардың теріс әрекеті кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе, ымырасыз күрескеніміз дұрыс.
Сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмау, түптеп келгенде, әркімнің ар-ожданы, ерік-жігеріне де байланысты екенін естен шығармаған жөн.
Қызылорда қаласының №2 сотының сот приставы
Е. Шакизадаев