Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының 2024 жылғы 27 мамырдағы №24-НҚ бұйрығына сәйкес жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегідей тариф бекітілді.
— жылу энергиясын өндіру қызметіне 1 Гкал ҚҚС-сыз – 4126,85теңге;
— жылу энергиясын беру және тарату қызметіне 1 Гкал ҚҚС-сыз – 3663,30 теңге;
— жылу энергиясымен жабдықтау қызметіне 1 Гкал ҚҚС-сыз – 301,29 теңге;
1 Гкал жылуға орташа босату тарифі ҚҚС-сыз 8091,45теңге, оның ішінде:
— халыққа 1 Гкал – 3589,27 теңге ҚҚС-сыз,
— бюджеттік мекемелерге 1 Гкал – 26328,08 теңге ҚҚС-сыз,
— басқа тұтынушыларға 1 Гкал – 5769,88 теңге ҚҚС-сыз,
— ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясымен жабдықтау – 3589,27 теңге.
Cараланған тарифтер:
— үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұрғындар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 2275,63 теңге;
— үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұрғындар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 4307,12 теңге, тұрғын үйлердің 1шаршы метрін жылытуға жұмсалатын жылу бағасы ҚҚС-н қоса алғанда 138,93 теңге;
— үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарын орнату техникалық мүмкіндігі жоқ тозған, авариялық тұрғын үй-жайында, барақ типтегі үйлерде тұратын және орналасқан тұрғындар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 3589,27 теңге, тұрғын үйлердің 1шаршы метрін жылытуға жұмсалатын жылу бағасы ҚҚС-н қоса алғанда 115,78 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар өзге де тұтынушылар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 4221,47 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ өзге де тұтынушылар үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 7500,84 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар бюджеттік мекемелер үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 24505,71 теңге;
— ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ бюджеттік мекемелер үшін — 1 Гкал ҚҚС-сыз – 39492,12 теңге;
— ыстық суды жабдықтауға жеке есептеу аспаптары жоқ тұрмыстық тұтынушылар үшін 1 адамға 1 айға – 574,28 теңге ҚҚС-сыз;
— ыстық сумен жабдықтауға жеке есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін 1 текше метрге – 206,38 теңге ҚҚС-сыз.
«ҚЖЭО» МКК-ны әкімшілігі.