Дінмұхаммет Нағашыбай Мәдиұлы
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы
Құқықтық мемлекет қағидаттарының бірі — сот билігінің тәуелсіздігі мен көпсатылы құрылымы. Әрбір азаматтың әділ сотқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесінде бірнеше сатылар қарастырылған. Сол сатылардың ішіндегі ең маңыздысы — кассациялық инстанция.
Кассациялық сот — бірінші және апелляциялық инстанциялар қабылдаған сот актілерінің заңдылығын тексеру құқығы бар жоғары сатыдағы орган. Оның қызметі істің мән-жайын қайта бағалауға емес, заң нормаларының дұрыс қолданылғанын тексеруге бағытталады.Кассациялық инстанция адамның негізгі құқықтарын қорғауда ерекше маңызға ие.
Құқықтық мемлекеттің маңызды элементтері — заң үстемдігі, биліктің бөлінуі және адам құқықтарының қорғалуы. Осы үш қағидаттың бәрін кассациялық сот іс жүзінде жүзеге асырады. Осының бәрі кассациялық инстанцияның сапалы жұмысына тікелей байланысты. Ол құқықтық жүйенің үйлесімділігін сақтайды, соттардың кәсіби деңгейін арттырады және қателіктерді болдырмайтын механизмдерді жетілдіреді.
Кассациялық сот шешімдері тек жекелеген дауларды ғана шешпейді, олар бүкіл құқық жүйесіне бағыт-бағдар береді. Бұл — оның құқықтық мемлекет құрудағы стратегиялық рөлі.
Азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, құқықтық қателіктерді болдырмауға, сот тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыруға,құқықтық мәдениетті нығайтуға елеулі үлес қосады.
