
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті
№202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы орта мектептің
5 «А» сынып оқушысы
Қыдырәлі Қарақат
Жетекшісі: Кеңесбаева Гүлжанат
Мен қалаймын тыныш өмір сүруді,
Тәрбиелі, тәртіпті болып жүруді.
Күн нұрындай мейірім, шуақ шашып,
Биіктерді бағындырып жүруді.
Мен өмірді қалаймын биікпенен,
Есірткіге қарсымыз достарыммен.
Жеңіс туын желбіретіп әрқашан.
Мен өмірді қалаймын өр рухпенен!
Мен өмірді қалаймын шуақ басқан,
Жүректерге жылулық сыйлап жастан.
Армандарым алысқа жетелейді,
Жақсылықтың жолына қадам бассам.
