Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 20 маусым күні Құрбан айт мерекесіне орай Шиелі аудандық спорт клубындаұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Аудан тұрғындарының арасында өткен тартысты бәсекеге кент және ауылдық округтерден 10 команда қатысты.Жүлделі орын иеленген командалар мен сайысқа белсене қатысушылар диплом, алғыс хатпен марапатталып, қаржылай сыйлықтар берілді. Барлық спорт түрінен оқ бойы озып шыққан Бестам ауылынан «Досман қажы» мешіті командасы І орынды иеленіп, 100 000 мың теңгелік қаржылай сыйлықпен марапатталды. ІІ орынды иеленген Телікөл ауылы «Телікөл мешiтi» командасына 70 000 теңге, ІІІ орынды жеңіп алған…
Read MoreРубрика: Қоғам
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АКЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ
Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 19 маусым күні Шиелі ауданының сауда орталықтарында, авто тұрақтарда, халық көп шоғырланатын орындарға, сыбайлас жемқорлық көріністері көп орын алатын жерлерде А5 форматтағы 100 дара ақпараттық стикерлер таратылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы деңгейді қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты тәрбиелеу және елдегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша тұрақты позицияны қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жүргізілді. Акция барысында сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылыққа тап болған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі түсіндірілді.
Read MoreЛяззат Майлыбайқызының қатысуымен өткен семинар
Ағымдағы жылдың 19 маусым күні Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» тақырыбында семинар өтті. Семинарға кент және ауылдық округтегі заңгер мамандар қатысты.Шара соңында жиынға келушілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.
Read MoreҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ
Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 16 маусым барша мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесінің бірінші күнінде Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешітінде ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Аудан спортшыларының арасында өткен тартысты бәсекеге кент және ауылдық округтерден 16 команда қатысты. Жүлделі орын иеленген спортшылар мен сайысқа белсенді қатысқандарға диплом, алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйлықтар тағайындалды. Барлық спорт түрінен оқ бойы озып шыққан Жалағаш кентіндегі Иманқұл мешiтi І орынды иеленіп, 100 000 мың теңгелік қаржылай сыйлықпен марапатталды. ІІ орынды…
Read MoreМансап орталығындағы сұқбат алаңы
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 12 маусым күні Мансап орталығы ғимаратында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Аида Бекболатқызының қатысуымен «Жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында мекеме қызметкерлерімен және тұтынушыларымен сұқбат алаңы өткізілді. Ляззат Майлыбайқызы құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын…
Read More«Жемқорлық — қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында ағымдағы жылдың 11 маусым күні «Денсаулық үйі» ғимаратының мәжіліс залында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызы және Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және талдау, әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің заңгері Аблаева Аида Бакболатқызының қатысуымен «Жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық ауруханалар мен емхана заігерлері және қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізілді. Ляззат Майлыбайқызы құқықтық сауаттылығын…
Read MoreКеңестік саяси қуғын-сүргін: зерттеу мен зерделеу
Қалалық қоғамдық даму бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 31 мамыр күні «Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Шоқайтану” орталығында Гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры Тайман Сағат Тамшыбайұлының және Тарих ғылымдарының докторы Сәтбай Тастанбек Яхияұлының қатысуымен «Кеңестік саяси қуғын-сүргін: зерттеу мен зерделеу» тақырыбында танымдық кездесу шарасы өткізілді. ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең.Жалпы, ХХ ғасырдың І жартысында орын алған саяси оқиғалар тек қазақ халқын ғана емес, миллиондаған кеңес азаматтарын құрбан етті.Бұл қасірет Сыр жұртшылығын да айналып өткен жоқ.Осындай үлкен…
Read MoreРизабек Батталұлымен бірқатар кездесу өтті
Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Арал ауданы тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діниағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 19-21 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығында ғылыми қызметкері, исламтану кафердасында аға оқытушы Ілімбаев Ризабек Батталұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Арал аудандық орталық мешітінің жамағатымен «Ізгі амалдың пайдасы» тақырыбында, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қызметкерлерімен, Арал аудандық мәдениет үйінде Атт мүшелері, орта мектептердің тәрбие – ісі жөніндегі орынбасарлары мен дінтану және тарих пәні мұғалімдері, учаскелік полиция қызметкерлері, әскери бөлім қызметкерлері,…
Read More«Жат ағыммен жұмыс жасау» тақырыбында кездесу өтті
Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 19-21 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығында ғылыми қызметкері, исламтану кафердасында аға оқытушы Ілімбаев Ризабек Батталұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Қазалы ауданында «Нұралы» мешітінің жамағатымен «Дәстүр мен дін» тақырыбында, Әйтеке би кент әкімдігінде АТТ мүшелері және мектеп психологтары, дінтану пәнінің мұғалімдерімен, Қазалы аудандық ішкі істер бөлімі және төтенше жағдайлар бөлімі мамандарымен «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында, аудандық «Халық» мешітінің жамағатымен «Момынның…
Read MoreШиелідегі кездесу
Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 12-14 мамыр күндері аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторанты Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлының қатысуымен түрлі контингентпен іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде Шиелі аудандың орталық мешітінде «Дінді дұрыс түсінудің маңыздылығы» тақырыбында жамағатпен, Шиелі ауданына қарасты Төңкеріс, Нартай, Сұлутөбе, Майлытоғай, Тартоғай ауылдық округтерінде «Діни тұрақтылық-қоғам бірлігінің кепілі» тақырыбында, Шиелі аудандық орталық мешітінде дін қызметкерлерімен «Исламдағы бидғат түсінігіне қатысты пікірталастар» тақырыбында кездесулер өткізілді.
Read More