Ағымдағы жылдың 24 шілде күні Шиелі қоғамдық даму бөлімінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында Шиелі ауданына қарасты Ақмая ауылдық округінің мәдениет үйінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ляззат Майлыбайқызының қатысуымен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға ауылдық округ тұрғындары қатысты.
Шара соңында жиынға келушілер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, пікірлер айтылды.

