Ж.Қасымова
Қызылорда қаласының №2 сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы
Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биликтің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру осы әлеуметтік институттың тиімді қызмет етуіне және дамуына қажетті жағдай, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтерінің және мемлекеттік қызмет жүйесінің тиімлігін арттыруға арналған жағдай болып табылады.
Осы уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің ими джін көтеру қажеттілігіне қатысты мәселелерге үлкен назар аударып отыр.Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру-ауыр және ұзақ процесс.Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биліктің имиджін қалыптастыру процесінің өзі атқарушы биликтің имидждік саясатымен тығыз өзара байланысты.
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті –халыққа адал қызмет ету.Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет.
Мемлекеттік қызметші өз еліндегі тікелей міндеттерін орындаудан басқа, отбасында, қоршаған ортаға, адамдармен ортақ тіл табысуға және жан-жақтыға үлгі болуға тиіс.
Мемлекеттік қызмет-ең әуелі үлкен жауапкершілік, біліктілік пен үнемі шыңдауды талап етеді.Адам жеке тұлға ретінде өзін-өзі тұрақты жетілдіріп, алға ұмтылып отыруы қажет.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді.Оның ар ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды.
Мемлекеттік қызметші болу-бұл үлкен абырой мен міндет.Кез-келген мемлекеттің жетістігі мен гүлденуі мемлекеттік қызметшілерінің тиімді және кәсіби қызметіне негізделеді.
Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білу үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек.
Мемлекеттік қызметшілерге қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіргендіктен бұл сенімді ақтау өте маңызды.
Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға айырықша назар аударылып, көңіл бөлінуде.