Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына кедергі келтіріп отырған ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып саналады. Оның алдын-алу, болдырмау мақсатында құқықтық мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен түрде құқық бұзушылыққа төзбеушілік акциялары тұрақты түрде жүзеге асып келеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау жөнінде жастардың санасына жете түсіндіруміз керек. Қазіргі таңда қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамда әр тұлғаның санасына құқықтық мәдениетті қалыптастыру аса маңызды болып табылады. Сол себепті де, құқықтық мәдениетті одан әрі жетілдіру, түсіндіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөнінде көптеген шаралар ұйымдастырылып келеді. Сыбайлас жемқорлық түсінігіне анықтама беруде…
Read MoreМесяц: Март 2023
Презентация өткізілді
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ақпараттық жүйелері мен сервистерінің мүмкіндіктерін мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен халық арасында таныстыру жөніндегі жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облыс әкімдігінде 2023 жылдың 29 наурызында облыс әкімінің төрағалығымен облыстық мекеме басшыларының, қала, аудан әкімдері, құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес және презентация өткізілді.
Read MoreСыбайлас жемқорлық — қоғам дерті
Ағымдағы жылдың 30 наурыз күні Тасбөгет кенті Сабира Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы бойынша «Сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Жанар Жалғасбайқызы және Қоғамдық даму басқармасының заңгері Айсана Ерболатқызы Тасбөгет кентінің тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесуде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және заңдарға енгізілген соңғы өзгерістер туралы баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан сауалдарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер жасалды.
Read MoreТентегін тезге салған ел
Қазақта «тентекті тентек десең бөркі қазандай болады» деп жағымсыз сипатты сипаттай отырып, оны тезге салу ел міндеті екенін ұқтырады. Өйткені жүгенсіз кеткен тентен бара бара елге қауіп төндіреді.
Read MoreҮЕҰ дерекқорына тіркелу және мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс жасау
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 15 наурыз күні Жаңақорған және Шиелі аудандарында «ҮЕҰ дерекқорына тіркелу және мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс жасау» тақырыптарында оқыту семинарлары өткізілді. Семинарды «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық ресурстық орталығының директоры, тренер Адил Аликулов жүргізді. Оқыту барысында ҮЕҰ-дың дерекқорға тіркелуі, мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс жасауы, құжаттар дайындау, гранттарға құжат тапсыру және тағыда басқа тақырыптар турасында кеңінен түсіндірме жасалды.
Read More«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа ұран»
Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ерлік -елге мұра, ұрпаққа ұран» патриоттыққа тәрбиелеу бойынша әлеуметтік жобасы аясында Асыл Мұра-Орда қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні сағат 10.00-де М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің мәжіліс залында және сағат 14:00-де И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің мәжіліс залында жас ұрпақты Отан қорғауға дайын болуға және тарихи сабақтастықты жете түсінуге тәрбиелеу, әскери борышын өтеудің қажеттілігін, қазақстандық патриотизмді насихаттауға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Ардагерлер одағының республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша төрағасы Орынбайұлы Марат, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Жакипов Алмат…
Read More«Қазақтың келіндері — ай» аспаздық сайысы өткізілді
Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 7 наурыз күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушы аналардың қатысумен «Қазақтың келіндері — ай» аспаздық сайысы өткізілді. Сайысқа 11 қатысушы қатысып, дипломдар мен бағалы сыйлықтар марапатталды. Шараға Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Сұлтан Талғатұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы Сымбат…
Read More«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай кездесу
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра — Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай кездесу өткізілді.
Read MoreОқу мен жазу арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту (баяндама)
Қазақстанның болашағы мектептен басталады.Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңдейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты. Қазіргі кезде Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Еліміздегі білім беру саласының алдында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, білім берудің сапасын халықаралық стандарттарға жеткізу, ол үшін әрине білім беру саласының алдында оқушылардың білім сапасын көтеру міндеті қойылып отыр. Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектептегі инновациялық жұмысты…
Read More