ҮЕҰ дерекқорына тіркелу және мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс жасау

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 15 наурыз күні Жаңақорған және Шиелі аудандарында «ҮЕҰ дерекқорына тіркелу және мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс жасау» тақырыптарында оқыту семинарлары өткізілді.

Семинарды «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық ресурстық орталығының директоры, тренер Адил Аликулов жүргізді.

Оқыту барысында ҮЕҰ-дың дерекқорға тіркелуі, мемлекеттік сатып алу порталымен жұмыс жасауы, құжаттар дайындау, гранттарға құжат тапсыру және тағыда басқа тақырыптар турасында кеңінен түсіндірме жасалды.

Related posts