«Қазақтың келіндері — ай» аспаздық сайысы өткізілді

Облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында ү.ж. 7 наурыз күні «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушы аналардың қатысумен «Қазақтың келіндері — ай» аспаздық сайысы өткізілді. Сайысқа 11 қатысушы қатысып, дипломдар мен бағалы сыйлықтар марапатталды.

Шараға Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Сұлтан Талғатұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы Сымбат Бақытқызы, «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының жоба жетекшісі Перизат Қанжарбекқызы қатысып, байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалап, мерекелік лебіздерін білдіріп, сыйлықтар табыстады.

Related posts